Шымбұлақ


Теңіз деңгейінен 3200 метр биікте

Курорттың орналасқан жерінің өзі тамсандырады — Алматының орталығынан небәрі 1 сағатта оның төріне шығып, ТМД аумағындағы ең биік тау барында кофе ішуге болады. Мұнда, тіпті жаздыгүні күн +30 градусқа дейін қызған кезде де қар жатады. Жазда орташа ауа температурасы +20 градус, ал қыста -7 градус шамасында болады. Орта есеппен жылына аттай 300 күн аспанда бір шөкім бұлт болмайды!

Спортшылардың жұмағы

Тау биігіндегі курорт алматылықтар мен оңтүстік астана қонақтарының сүйікті белсенді демалыс орны болып табылады. 20 шақырымға созылып жатқан трасса шаңғы мен сноуборд тепкісі келетіндерді күтеді. Қыста Фанпаркте 14 трасса және оқыту бөктері жұмыс істейді. Кешенде сырғанақ тебу қиындығына қарай 5 «қара» трасса (сараптама деңгейі), 6 «қызыл» трасса (озаттардың деңгейі), 3 «көк» трасса (орта деңгей) бар. Ал сырғанауды енді ғана үйреніп жатқандар үшін оқыту бөктері («жасыл» трасса) қызмет көрсетеді.
Канатная дорога от базовой станции «Медеу» до горнолыжного курорта «Шымбулак», является третьей в мире по протяженности

Таптырмас демалыс орны

Шымбұлақта сырғанауды білмесеңіз де, уақытыңызды көңілді өткізуге болады. Дәмі тіл үйірген ыстық тағамдары бар асханалары, 360 градусқа бұрылатын аса қуатты бинокльдері бар шолу алаңдары құшағын аша қарсы алатын дәмханалар мен мейрамханалар, балалар алаңдары дайын тұр. Тау тыныштығында демалуға жаны құмар, қар басқан бөктерді тамашалап, тәтті ой құшағына батуды қалайтын қонақтар үшін курорт жоғары класты қонақүйлерін ұсынады.

Жазғы экстремалды демалыс

Курорт жыл бойы жұмыс істейді. Тіпті, күн қызып, таудағы қар азайып, сырғанауға жарамсыз болып қалғанда да, мұнда уақытыңызды қызықты өткізуге көптеген мүмкіндіктер бар. Мамырдан қазан айына шейін курорт баггимен сырғанау, таудан велосипедпен түсу, арқан паркі, парапланмен ұшу, таудағы «Чимба» балалар лагері сияқты көңіл көтерудің экстремалды түрлерін ұсынады. 2011 жылғы Азия ойындарын өткізу үшін «Медеу» базалық станциясынан сонау тау-шаңғы курортына дейін 4,5 километрлік арқанжол тартылды. Ол әлемде ұзындығы жағынан үшінші орында!

Көлік

Жеке көлікпен

«Медеу» мұз айдынынан жоғары жеке көлікпен өтуге тыйым салынады.

12

"Қазақстан" қонақ үйіне қарама-қарсы аялдамадан ''Медеуге' дейін

Пешком

С "Медеу" дорога займет 1-1,5 часа.

Такси

Кез келген такси сізді ''Медеу' арқан жолына дейін жеткізеді.

Қарап көріңіз

#visitalmaty


Сұранымды қалдырыңыз
Жолдарды толтырыңыз
Aты-жөніңіз
Байланыс телефоныңыз
email
Болдырмау