Жасау

Қаланы 

Visit Almaty-мен бірге таны

«Мен шынымен Алматыны жақсы білемін», — деп кез келген алматылық мақтана алмайды. Өйткені қала тек Медеу және Көктөбемен бітпейді, мұнда ондаған музей, жүздеген қызықты жерлер, қаланы тереңірек түсіну үшін дәмін татып көру қажет алуан түрлі тағамдар бар. Біз Алматы қонақтары міндетті түрде баруы тиіс жерлер мен дәмін татып көретін тағамдардың чек-парағын құрастырдық. Сіз әр бөлімнің тұсына белгі қойып, Іле Алатауын қаншалықты білетініңізді бағалай аласыз.

Құрамындағы таза шоколадтың үлесі жағынан әлемде бірінші орында тұратын «Қазақстан» шоколадына тамсаныңыз

Әлемдегі үздік шоколад!

Шоколад ӨТЕ тәтті. Шын. Артық добырайту емес. Ешқандай ерігіш пластилинсіз, жап-жақсы, қатты, сапалы шоколад, ұнамды какао — бәрі де ойдағыдай.

Қазақтай ет жеп, өзіңізді нағыз қазақ сезініңіз

Қазақ асханасының басты дәстүрлі тағамы

Ет — жылқы немесе қойдың етін қамыр салынған сорпада қайнату арқылы әзірленген тағам. Оны өзге тілде бешбармақ деп те атайды. Әдетте, ет салтанатты шараларда, мейрамда, үйге келген құрметті қонақтың алдына тартылады. Оған қоса, кесемен иісі мұрынды жаратын сорпа ұсынылады. Астан кейін оны қорыту үшін қымыз немесе шай беріледі.

Қазақтың әйгілі бауырсағын жеп көріңіз

Қазақстанда тіпті Бауырсақ күні де тойланады

Бауырсақ — қазандағы майға қамырдан пісірілген дәмнің түрі. Екінші аты — тоқаш. Қазақтың өмірін бауырсақсыз елестету қиын. Тіпті, той-думан кезінде дастарханға ең алғаш бауырсақ тартылады.

Табиғаттың туындысы — Алматы апортының дәмін көріңіз

Әлемдегі ең үздік алма

Апорт алмасы хош иісті, дәні ұсақ болады, аса қатты да, борпылдақ та емес, ол әдетте ақ-жасыл түстес. Дәмі қышқылтым-тәтті болып келеді. Апорт алмасының дәмдік қасиеттеріне әлемнің әртүрлі көрмелері мен форумдарында көптеген дегустаторлар жоғары бағасын берген. Сондықтан Апорт алмасы қаланың символдарының біріне айналған.

Денсаулыққа пайдалы қымыз бен шұбатты ішіп көріңіз

Байқап ішіңіз!

Қымыз — бие сүтінен ерекше тәсілмен ашытып әзірленген, емдік қасиеті мол, оны тіпті ұлы ғұлама ибн Сина да бағалаған ішімдік. Тура осындай тәсілмен түйенің сүтінен де ішімдік әзірленеді, оны — шұбат деп атайды. Мұның екеуі де әлсіз алкогольды ішімдік болып табылады. Айта кетейік, қымыз бен шұбаттың кейбір химиялық қасиеттері кері әсер етуі мүмкін.

Көктөбеден Алматыны алақандағыдай тамашалаңыз

Көктөбеге шығып, бүкіл Алматыны алақанға салғандай тамашалаңыз

«Көктөбе» саябағы — алматылықтардың ғашықтар кездесетін, отбасымен серуендейтін сүйікті жері. Ол Көктөбе тауының үстінде, теңіз деңгейінен 1100 метр биікте орналасқан. Оған қаланың орталығынан көлікпен 10 минутта жетуге болады. Бірақ тау мен қаланың тамаша көріністерін тамашалай арқанжолмен көтерілгенге не жетсін?! Көктөбеге шыққан адам шынында да Алматыны алақанға салғандай тамашалай алады әрі Іле Алатауының қаланың ішінен көрінбейтін сұлулығын көруге болады.

Панфилов – Жібек жолы тарихи көшелерімен жүріңіз

Мәдени өмірдің жүрегінде

ХІХ ғасырдың орта тұсында-ақ бұл көше Верный қаласының өміріндегі маңызды орындардың біріне айналды. Кеңес үкіметі тұсында Арбат жастар кездесетін орталық, қала мәдени өмірінің жүрегі, қалалықтар демалыс күндері келіп серуендейтін басты алаңға айналды. Панфилов көшесі жаяу жүргіншілер жолына айналған соң Арбат қайта туғандай болды. Қазір Арбатта қыстың аязды күнінде де серуендеп жүрген қала тұрғындары мен қонақтарын кездестіруге болады. 2017 жылы көшелер ауқымды күрделі жөндеуден өткен соң, бұрынғысынан да қолайлы әрі қызықты бола түсті.

28 панфиловшы саябағына — тарих тұңғиығына, қаланың жан дүниесіне саяхаттаңыз

Мәңгілік алау

Саябақ Панфилов дивизиясының даңқты 28 әскерінің құрметіне осылай аталды. Екінші Дүниежүзілік соғыс кезінде 28 панфиловшы Мәскеу түбіндегі шайқаста қалаға фашист танкілерінің кіруіне жол бермей, жойқын шабуылдарын тойтарды. Дивизияның тұрақты политругі Василий Клочковтың: «Ресей кең-байтақ, бірақ шегінерге жер жоқ – артымызда Москва!» деген сөзі кеңестік кезеңдегі тарих оқулықтарының бәріне жазылды.

Көкбазардан ең тәтті жемісті табыңыз

Шығыстың колориті

Көкбазар Қазақстанның оңтүстік астанасының басты көрікті орындарының бірі аталады. Мұндағы сауда қатарлары қашан келсеңіз де у-шу болады. Тұрғындар аптаның қалаған күні осында келіп, көкөніс, өнеркәсіп тауарларын, киім-кешек, ұсақ-түйек, тіпті құрылыс материалдарын алып кетеді. Ғасырдан астам тарихы бар орталық базарға туристер де ерекше қызығады. Осы жерден төлтума кәдесыйларды тауып, ұлттық асханалардан дәм татуға болады.

Прованстың шығысындағы таңдаулы шарапты ішіңіз

Arbavine

Терруар үшін түнде жүзімдікті салқындататын тау ауасы, таудың етегін аялай ескен күндізгі самал, құнарлы, семіз топырақ мөлдір тау суы, жүзім тамырын жағалаумаңы аймақтарының климатына тән аурулардан қорғайтын аязды қыс, құрғақ жаз бен күз сияқты көптеген алғышарттардың әсем үйлесімі басты маңызға ие. Әлемнің негізгі жүзімдіктері де дәл осындай қасиетке ие жерлерде орналасқан. Сондықтан да жүзімнің шарабы химиялық қоспалардан аулақ нағыз табиғи ішімдік болып табылады.

Ықылас атындағы музейден дала әуенін тыңдайсыз

Орта Азия әуені

Шындығында музей тек қазақ ұлттық халық музыкалық аспаптарымен шектелмейді. Мұнда көрші отырған қырғыз, моңғол, өзбек, т.б. халықтардың да музыкалық аспаптары бар. Тұрақты экспозицияда қордың тек бір бөлігі ғана — 2000 экспонаттың 297-сі тұр. Коллекциядан домбыра, қобыз, даңғыра, сылдырмақ сияқты музыкалық аспаптардың 40-тан астам түрін көресіз.

Алматы музейінде қаланың мыңжылдық тарихына куә болыңыз

Сүйікті қаланың тарихы

2001 жылы ашылған Алматы музейі бүгінде Жетісу өңірінің бүкіл тарихы мен мәдени мұрасын қамтитын ірі ғылыми-мәдени орталыққа айналып отыр. Музейде шамамен 35 мың экспонат бар. Олардың ішінде бейнелеу өнері туындылары, қазақ халқының, қазір Алматыда тұратын көптеген ұлттардың этнографиясының тамаша үлгілері, түрлі замандар мен мәдениеттердің тұрмыстық бұйымдары, нумизматика үлгілері, фото және құжаттар, т.б. экспонаттар келушілердің көзайымы болады.

Боралдай Сақ қорғандарына — 2000 жыл бұрынғы заманға оралыңыз

Тарихтың ізімен

Қазіргі Алматының бүкіл аумағы ежелде скиф-сақ әлемінің қасиет тұтқан рухани орталығы болды. Ұлы дала өркениетінің, Сібірдің, Алтайдың, Қара теңіз жағалауындағы халықтардың көсемдері осында жиналды. Сақтар мұнда өздерінің көсемдері мен даңқты батырларын жер қойнына тапсырды. Боралдай қорғандары осылай пайда болды.

Алматының әйгілі «Қайрат» командасының матчын тамашалаңыз

Біздің мақтанышымыз!

Қазақстанның 2 дүркін чемпионы, Қазақстан Кубогының 2 дүркін иегері, Қазақстан Суперкубогының 2 дүркін иегері, КСРО Футбол федерациясы кубогының иегері.

Қазақстан тәуелсіздігінің бесігі — Республика алаңына барыңыз

Қаланың жүрегі

Республика алаңы (бұрынғы «Жаңа алаң») орталық көшелер — Бейсейітова және Сәтбаев көшелерінің қиылысында орналасқан. Алаңның ауданы екі футбол алаңын алып жатыр. Алаңда мүсіндермен, ұлт данышпандарының қанатты сөздерімен көмкерілген кешен тұр. Кешеннің басты ескерткіші — Тәуелсіздік Монументі.

«Арасан» моншасында Шығыс релаксациясы әлеміне еніңіз

Жан мен тәннің демалысы

Жаңартылған Arasan Wellness & SPA монша кешені еліміздің үздік моншасының классикалық дәстүрлерін қамтиды. Кешеннің ғимараты монша салудың көпғасырлық әлемдік тәжірибелері мен сәулеткерлердің дарынының арқасында дүниеге келді. Ұсақ-түйегіне ескерілген монша кешені екі: ерлер және әйелдер бөлімдерінен тұрады. Бөлімдердің әрбірінде моншаның үш түрі бар. Мұнда орыс моншасы, фин саунасы және түрік моншасы (хаммам), сондай-ақ монша аумағында тау қойнауынан шығатын мөлдір таза артезиан суымен толтырылған бассейн Сізді күтеді. Бассейндердегі су үнемі жаңартылып отырады. Сағат сайын судан үлгі алынып, құрамындағы хлор мен қаттылығы тексеріледі, үздік дезинфекциялау құралдары пайдаланылады.

Қастеев музейінде өнер туындыларына тамсаныңыз

Суреттің сиқыры

Ә. Қастеев атындағы өнер музейі — Қазақстан Республикасындағы ең ірі көркемөнер мұражайы әрі өнер саласындағы күллі әлемге әйгілі ғылыми-зерттеу, мәдени-ағарту орталығы.

Научись ремеслу древних кочевников в центре "Qazaq-Oner"

Мастер-класстар

Qazaq-Oner - это обучающий, производственный, торговый, культурно-исторический и развлекательный центр, расположенный в туристическом центре Visit Almaty, где проводятся мастер-классы от ремесленников по войлоковалянию, гончарному, ювелирному искусству, лоскутному шитью, батику, вышивке, ткачеству.

Медеуде 1691 метр биікте коньки тебіңіз

Ашық аспан астында

«Медеу» мұз айдыны Алматы қаласының шекарасында, теңіз деңгейінен 1691 метр биікте орналасқан. Іле Алатауының мұнар шыңдары, таза ауа, шұғылалы күн — айдынды жасы мен кәсібінен тыс, барша алматылықтардың сүйікті демалыс орнына айналдырған. Шатқалға осы маңда ХХ ғасырдың басында өмір сүріп, ауылдың іргесін қалаған көшпендінің есімі берілген.

Әлемдегі ең үлкен киіз үй — таудағы «Орман ертегісі» қонақүй-курортына барыңыз

Өзіңізді көшпенділердей сезініз

Ғасыр асқан қарағайлар мен Тянь-Шань шыршаларының арасында «Орман Аулы» этно-отелі орналасқан. Сіз мұнда өзіңізді нағыз ХХІ ғасырдың көшпендісі сияқты сезінесіз. Сізді көшпенділердің ерекше тұрмыс-тіршілігін еске салатын шынайы киіз үй күтіп тұр. Қолдан басылған киіз үйдің ішін жылы әрі жайлы етіп тұр, ағаш жиһаздар этникалық сипат береді, кең монша бөлмесінде душ кабинасы да бар. Осының бәрі дәстүрлер мен заманауи комфортты үйлестіріп тұр.

Дәстүрлі музыканың мультимедиялық орталығында Ұлы Қазақ даласының әуендерін тыңдаңыз

Музыка - халық айнасы

Бұл мұражайда сіз қазақтың ұлттық әуендерін тыңдай аласыз, музыкалық аспаптарды түпнұсқада көре аласыз, тіпті виртуальды оркестрдің дирижері бола аласыз.

#visitalmaty


Сұранымды қалдырыңыз
Жолдарды толтырыңыз
Aты-жөніңіз
Байланыс телефоныңыз
email
Болдырмау