Шарапты тур және Есік көлі

Көрікті жердің таңдаулысы

Есік қаласының маңында негізгі екі көрікті орын бар. Осы экскурсия барысында Сіз соның екеуін де аралау мүмкіндігіне иесіз. «Есік» шарап зауыты өз тарихы туралы сыр шертіп, жергілікті өнімнен әзірленген таңдаулы шараптың дәмін көру, Қазақстандағы шарап өндірісі туралы ақпарат алу мүмкіндігін береді. Есік көлінің сұлулығын, айналадағы мұнар таулардың айдынның бетіндегі көлеңкесін көріп таң қалатыныңыз анық.

Жергілікті шарап дәстүрлері

Қазақстан Франция немесе Грузия секілді шарап арқылы танылған ел емес, оның үстіне шарап өндіру тарихы да бір ғасырдан аспайды. Бірақ бұл жергілікті шараптардың сапасының жоғары болуы мен ерекше дәміне ешқандай кедергі келтірмейді. Есік шарап зауыты Қазақстандағы ең көнекөз кәсіпорынның бірі болып табылады. Оның иелігіндегі 280 гектар жүзімдік теңіз деңгейінен 800 метр биікте орналасқан әрі таза ауадан және таудағы күннің тойынған сәулесінен нәр алады.

Көлдің көгілдір айдыны

Көл осы маңның таңғажайып табиғатының сұлуы келіскен әшекейі болып тұр. Ол теңіз деңгейінен 1780 метр биікте орналасқан. Есік көлі қуатты жер сілкінісі және су тасқынының нәтижесінде пайда болған. Зілзала салдарынан судың жолын бөгеп қойған жартастар таңғажайып көлдің тууына себепші болған. Көл айдынында қайықпен серуендеп, жағалауында ат шаптыру мүмкіндігі бар.
Tour includes:
  • Трансфер с точки вызова или отеля
  • Услуги гида (в.т.ч. переводчика)
  • Профессиональная фотосъемка- опционально
Қарап көріңіз
Сұранымды қалдырыңыз
Жолдарды толтырыңыз
Aты-жөніңіз
Байланыс телефоныңыз
email
Болдырмау