Таңбалы тас және Үңгіртас

Киесі мол мекендер

Осы экскурсия аясында Сіз Алматы облысындағы таңғажайып екі жерге: тасқа ойып түсірілген суреттер ескерткіш, тарихи маңызы зор Таңбалы тас және әлемнің түкпір-түкпірінен мыңдаған адам қасиет тұтып тәу ету үшін келетін, талай тылсымды бүгіп жатқан Үңгіртасқа барасыз. Олардың әрбірі қасиетті орын саналады әрі армандарыңыздың орындалуына себі тиеді.

Таңбалы тас

Таңбалы тас — ежелгі заманның тасқа ойып салынған суреттері — петроглифтерімен танылған ескерткіш. Олардың шығу тегі біздің заманымызға дейінгі 2000 жылдан арыда жатыр. Таңбалы тастан табылған будда бейнесі бір кездері мұнда будда мәдениетінің храмы болғанын айғақтайды. Сондай-ақ, жартастардан ежелгі қыпшақтардан қалған жазбаларды да табуға болады.

Үңгіртас

Алматы қаласынан 100 км қашықтықта тағы бір таңғажайып мекен Үңгіртас орналасқан. Сырттай қарағанда, Үңгіртас қатардағы ауылдардың бірі секілді, бірақ оның қуатына сенетіндердің сөзіне қарағанда, мұнда аса қуатты энергетикалық портал — диаметрі 8 метрге жететін ғарыш энергиясының ағыны бар. Әлемнің түкпір-түкпірінен мыңдаған адам осында келіп, сыйынап, тілегін тілеп, бойына қуат жинап қайтады.

 

В тур включены:
  • Трансфер с точки вызова или отеля
  • Услуги гида (в т.ч. переводчика)
  • Ланч (горячая еда, сендвичи, горячий чай)
  • Профессиональная фотосъемка, съемка с дрона (короткие видео) - опционально

Экипировка

  • Трекинговая обувь
  • Головной убор по сезону

Советы

  • Запаситесь водой не менее 2 л
  • Не забудьте вязть с собой перекус в дорогу
Сұранымды қалдырыңыз
Жолдарды толтырыңыз
Aты-жөніңіз
Байланыс телефоныңыз
email
Болдырмау