Ғарыш станциясы және Үлкен Алматы көлі

Түнді ғарыш станциясында өткізу

Сіз теңіз деңгейінен 3300 метр биікте, Алматы Ғарыш стансасында тұтас түнді өткізесіз. Түндері мұнда күн айтарлықтай салқын болады. Тіпті шілденің өзінде минус температура сақталады, бірақ қол созымдай жерде тұрған жұлдыздар күннің суығына төзуге тұрарлық. Күндіз Сіз Үлкен Алматы шыңына шығып, таңғажайып пейзажды тамашалайсыз.

Ғарыш стансасының қызметі

Ғарыш стансасы Жусалы кезең асуында орналасқан. Ол — Күн сәулесінің физикасын зерттеумен айналысатын ғылыми орталық. Дәл осындай зерттеу институттары әлемде бірен-саран ғана. Жазда келсеңіз шатыр астында, қыста келсеңіз жылытқышы бар вагондарда қонасыз.

Көлдердің таңғажайып сұлулығы

Жол бойында Үлкен Алматы көліне тоқтайсыз. Көл — Тянь-Шань тауларының теңіз деңгейінен 2520 метр биікте орналасқан нағыз маржаны. Көлдегі судың түсі жыл мезгіліне, тәуліктің уақытына қарай көз алдыңызда өзгеріп отырады. Кейде көгілдір түске боянған айдын, кейде қошқыл жасыл түске боянып шыға келеді.
Қарап көріңіз

#visitalmaty


Сұранымды қалдырыңыз
Жолдарды толтырыңыз
Aты-жөніңіз
Байланыс телефоныңыз
email
Болдырмау