Түнгі Шарын

Тірілетін аңыздар

Мұндай пейзажды Сіз бұл ғаламшарда Американың Колорадо штатынан басқа жерден кездестірмейсіз. Ал түнде Сіздің айналаңызда ежелгі үндіс немесе сақ аңыздары тіріліп, осы жердің әруақтары інінен шығып, Таудың сақшысы ең жақын жартастан Сізді аңдып отырғандай көрінеді. Өзіңізді құдды бір құпиясы ашылмаған тылсым күштердің қоршауында отырғандай сезінесіз.

Сансыз көп жұлдыздар

Шарынның түнгі аспанында жұлдыздар көп. Қалада мұндайды көрмейсіз — миллиондаған жарық нүктелер жымыңдап өзара сурет құрап отырады, ал шатқалдың үстін жапқан Айдың нәзік сәулесі күндізгіден мүлде басқа көлеңкелерді тудырады. Жұмбақ көлеңкелер ерекше тұңғиықтана, тереңдей түсіп, ақырын ескен желмен бірге өзгеріп жатқандай көрінеді. Бірақ бұл ешқандай үрей тудырмайды, мұндай сәттерді тек аялай тамашалаған дұрыс.

От басындағы отырыс

Оттың айналасына жиналып, кешкі ас ішкеннің қызығы ерекше. Оттың жарығы оның басында отырғандардың бетіне ұрылып, әр адамға айрықша көрік береді. Ал енді әлдебіреу гитарасын қолына алып, әсем әнді төге жөнелсе, романтикалық кинолардан көретін немесе сән қуған фотографтар түсірген суреттердегі естен кетпес ертегі басталады. Оны сөзбен айтып жеткізу қиын, тек оны бізбен бірге саяхаттап, бастан кешкен жөн.
В тур включены:
  • Трансфер с точки вызова или отеля
  • Услуги гида (в т.ч. переводчика)
  • Ланч (горячая еда, сендвичи, горячий чай)
  • Палатка
  • Спальный мешок
  • Туристический коврик
  • Профессиональная фотосъемка, съемка с дрона (короткие видео) - опционально
Қарап көріңіз
Сұранымды қалдырыңыз
Жолдарды толтырыңыз
Aты-жөніңіз
Байланыс телефоныңыз
email
Болдырмау