Медеу және Шымбұлақ
Тянь-Шань тауларының солтүстік сілемдері, Іле Алатауының таулы жотасы, сұлу көріністерімен, табиғатының байлығымен ерекшеленеді. Алматылықтардың сүйікті демалыс орындары — Медеу мен Шымбұлақ та осында орналасқан. Олар, тек қалалықтар ғана емес, қонақтар арасында да ерекше танымал. Белсенді демалысты табиғаттың таңғажайып сұлулығымен ұштастыру — оңтүстік астана тұрғындарының басына біткен бақыты.

Медеу

Әлемдегі ең биік мұз айдынын жасы мен кәсібінен тыс бүкіл алматылықтар арасында айрықша танымал. Кәсіби конькишілер аумағы кең мұз айдынының шеткі бөлігін айнала сырғанап, орта тұсын енді үйреніп жатқандарға қалдырады. Мұнда қашан келсеңіз де көңілді. Алматылықтар әсіресе өздері ерекше сүйетін демалыс алаңында достықты бұрынғысынан да жоғары бағалап, үнемі жаңа таныстар арттыруға әзір тұрады.

Шымбұлақ

Тау-шаңғы курорты тек қыста ғана емес, жазда да адамға толы. Жылдың жылы мезгілінде мұнда келіп, түскі ас ішуге, экстремалды ойын-сауық құрып, отбасымен уақытыңызды пайдалы өткізуге болады. Шымбұлақтағы атақты арқанжолдан таудың небір таңдаулы сұлу шыңдары құшағын ашқандай көрінеді. Арқанжолдың соңғы стансасы теңіз деңгейінен 3200 метр биікте орналасқан.
Қарап көріңіз

#visitalmaty


Сұранымды қалдырыңыз
Жолдарды толтырыңыз
Aты-жөніңіз
Байланыс телефоныңыз
email
Болдырмау