Қимасар шатқалы

Көтерілудің жеңіл деңгейі

Шатқал жаяу туризмді ұнататындардың арасында ерекше танымал. Шатқалға көтерілетін жол аса тік емес, сондықтан оған мүлде дайындығы жоқ адамдар да бара алады. Дайындалмаған адам түгіл, шатқалға саяхаттау үшін 5 жасқа дейінгі балаларға, үй күшіктеріне де рұқсат беріледі. Күшік демекші, оларды жетектеп жүрсеңіз, жол жүріп емес, күшікті жетелеп шаршауыңыз мүмкін. Ал негізінде, саяхаттан келген соң қатты шаршағаныңыз білінбейді.

Демалысқа ұнамды жер

Қимасар шатқалы Фурманов шыңына жақын жерден, теңіз деңгейінен 2850 метр биіктіктен басталады. Шатқал Кіші Алматы өзенін жағалай орналасқан, оның қарағайлы ормандары, көк-жасыл шыршалары, жасыл желекті алаңдары ерекше көрікті. Жасыл желек үстіне отыра кетіп, пикник ұйымдастыру, доп ойнау, жай ғана жатып, күн сәулесінен, табиғаттың таңғажайып сұлулығын тамашалай нәр алу да ерекше ұнамды болары сөзсіз.

Жазда да, қыста да

Шатқалдың тағы бір ұтымды жағы, мұнда жылдың қалаған мезгілінде келе беруге болады. Оның қысқы сұлулығы жаздағыдан бірде-бір кем түспейді. Тек, күнге қарсы көзілдірік пен крем алуды ұмытпағайсыз, әйтпесе тау биігіндегі күннің өткір сәулесі ұмытшақтарды аямайтыны анық. Гидтен көз жазып қалмауға тырысыңыз, өйткені шатқалда тарамданып жатқан неше түрлі соқпақтарда жүріп оңай адасып кетуіңіз мүмкін.
В тур включены:
  • Трансфер с точки вызова или отеля, услуги гида (в т.ч. переводчика)
  • Палки для ходьбы
  • Ланч (горячая еда, сендвичи, горячий чай)
  • Профессиональная фотосъемка, съемка с дрона (короткие видео) - опционально

Жабдықтар мен киім-кешек

  • Трекинг аяқ киімі
  • Маусымға байланысты бас киім
  • Термо іш-киім

Кеңестер

  • Кем дегенде 2 литр су алаңыз
Қарап көріңіз

#visitalmaty


Сұранымды қалдырыңыз
Жолдарды толтырыңыз
Aты-жөніңіз
Байланыс телефоныңыз
email
Болдырмау