Көлсай көлдері және Қайыңды

Жан үндестігін іздегенде

Бұл экскурсияға тек қала қонақтары ғана емес, алматылықтардың өздері де қызығушылық танытып келеді. Бірнеше күн үнсіз тыныштық орнаған табиғат аясына шығып, таңғажайып көлдердің үйлесімінен ләззат алу, орманнан жеміс-жидек теріп, мәңгі жасыл ормандардың ішінде серуендеу, таудың өсімдіктердің хош иісі аңқыған таза ауасынан тыныс алу кімге де болса ұнайтыны анық. Бұл сезімдерді сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес.

Күнгей Алатаудың үш маржаны

Ағайынды үш көл Күнгей Алатаудағы Көлсай шатқалында орналасқан. Олардың таудағы орналасу биіктігі әртүрлі, ең төменгісі теңіз деңгейінен 1000 метр, ортаншысы 2250 метр, ал ең жоғарғы көл теңіз деңгейінен 2700 метр биікке орын тепкен. Сіз алғашқы көлдің жағасындағы Сату ауылына қонасыз. Күндіз жоғарыда орналасқан көлдерге барып серуендей аласыз. Ең үлкен ортаншы көлге дейін 3 сағаттай, одан әрі ең жоғарыдағы көлге дейін тағы да үш сағаттай жүресіз. Көлдердің айналасында саңырауқұлақтың көп түрі, бүлдірген өседі, ал көлдердің суын танымал балықтардың бірі алабалық мекендейді.

Тылсымы мол Қайыңды көлі

Бағдарламаның ерекше бөлігі — тылсымы мол Қайыңды көліне саяхат болмақ. Суының температурасы тіпті жаздың ми қайнаған аптабында да 6 градустан аспайды. Су түбінен шаншыла көтерілген ағаштардың діңгегі көлді нағыз ертегілер әлеміне айналдырған. Көлдің пайда болуына, шамамен бір ғасыр бұрынғы алапат жер сілкінісі себеп болған.
В тур включены:
  • Трансфер с точки вызова или отеля, услуги гида (в.т.ч. переводчика)
  • Ланч (сендвичи, горячиц чай)
  • Профессиональная фотосъемка, съемка с дрона (короткие видео) - опционально

Экипировка

  • Тур рассчитан минимум на 2 дня, поэтому советуем взять с собой сменную одежду
  • Удобная трекинговая обувь
  • Дождевик

Советы

  • Вы будете проживать в домах местных жителей, поэтому не забудьте предметы личной гигиены
  • Вода в реке очень холодная, не каждый может искупаться в ней
Қарап көріңіз

#visitalmaty


Сұранымды қалдырыңыз
Жолдарды толтырыңыз
Aты-жөніңіз
Байланыс телефоныңыз
email
Болдырмау