Көкжайлау

Ұтымды орналасу орны

Көкжайлау Үлкен және Кіші Алматы шатқалдарының арасында, теңіз деңгейінен шамамен 1500 метр биікте орналасқан. Ол қаладан небәрі 10 шақырым жерде, Құмбел шыңының түбінде керіліп жатыр. Бұл жерден қаланың, Шымбұлақ пен Медеудің және шатқалдарды айнала қоршап тұрған биік тау шыңдарының көріністері ашылады. Көкжайлау алматылықтар мен қала қонақтарының арасында танымал. Әсіресе велосипед және ат спортымен айналысатындар Көкжайлауды ерекше сүйеді. Мұнда, тіпті дайындығы жоқ саяхатшылар да оңай жете алады.

Қызыл Кітаптағы жануарлар

Көкжайлау мен Іле Алатауы паркінің табиғаты тамаша. Мұнда Қазақстанның Қызыл Кітабына енгізілген өсімдіктер мен жануарларды кездестіруге болады. Олардың ішінде қар барысы мен бүркіт, Түркістан сілеусіні, үнді жайрасы, тіпті, тас сусарын де кездестіруіңіз мүмкін. Ал жойылу қаупінен алыс жануарлардың ішінен Көкжайлауды түлкі, елік, марал, ақтісті жертесер, тиіндер мекендейді.

Өсімдіктер дүниесі

Бұл өңірдің өсімдіктері де тамаша. Сіз алманың көптеген түрінің арғы тегі сирек кездесетін Сиверс алма ағашын осы жерден көресіз. Алмадан тыс, киікоты, Иваншай, бозғалдақ, андыз теріп, осы жердің өзінде от қалап, пайдалы әрі хош иісті шай қайнатып ішу мүмкіндігіне ие боласыз. Мұнда Тянь-Шань шыршалары, Шренк шыршасы да өседі.
В тур включены:
  • Трансфер с точки вызова или отеля
  • Услуги гида (в т.ч. переводчика)
  • Ланч (горячая еда, сендвичи, горячий чай)
  • Палки для ходьбы
  • Профессиональная фотосъемка, съемка с дрона (короткие видео) - опционально

Жабдықтар мен киім-кешек

  • Трекинг аяқ киімі
  • Маусымға байланысты бас киім
  • Термо іш-киім

Кеңестер

  • Кем дегенде 2 литр су алаңыз
Қарап көріңіз
#visitalmaty

Сұранымды қалдырыңыз
Жолдарды толтырыңыз
Aты-жөніңіз
Байланыс телефоныңыз
email
Болдырмау