«Асы үстірді және Шарын» джип-туры

Контрастты ландшафтылар

Табиғат көріністерінің әр алуандылығы Сізді таң қалдырады. Шарын шатқалының Марсқа тән пейзаждарынан альпілік жасыл желекке дейінгі бояулар осынау шағын аумаққа қалай сыйып тұрғанын көзіңізбен көрмесеңіз сенбейсіз. Ой мен қырдың, ыстық пен салқынның әдемі үйлесімінен естен кетпес әсер алып қайтатыныңызға біз кепілміз.

Шарын шатқалы

Аялдама біреу ғана, ол — Шарын шатқалы. Таңғажайып мекеннің ертегіге тән сұлулығына таңданбасқа болмас. Шатқалдың туристер арасындағы ең танымал бөлігі — «Қамалдар аңғары». 2 шақырымға созылып жатқан аңғардың қолмен қойылғандай жартастары, сәулет өнері секілді қабырғалары туристерді таң қалдырады. Шатқал Қазақстан Республикасының қорғалатын табиғат ескерткіштерінің тізіміне енгізілген.

Бартоғай су қоймасы

Сіз Айға барып пе едіңіз? Сіз Нил Армстронг болмасаңыз, қайдам-ау. Бірақ осы су қоймасына келген соң, ғарышқа ұшқандай болатыныңыз анық. Көл 1986 жылы адам қолымен жасалған. Әсіресе, қойманың су ағызатын жеріндегі бөгеттен шығып жатқан судың қуатты ағысы Сізге ерекше сезімдерге бөлейді.

Асы үстірті

Тау биігіндегі жайлаудың ерекше сұлулығы Сізді бейжай қалдырмайды, ал гүл жайқалған өсімдіктердің хош иісінен басыңыз айналады. Әрине, бұл жыл мезгіліне байланысты. Жаздың басында келсеңіз гүл төселген алаңдарды, жаз ортасында жасыл адырларды, тамыздың ыстығында алтын түске оранған құрғақ шөптерді көресіз. Таудың таза ауасы мен көгілдір аспан... Ешбір камера мұндай сұлулықты жеткізуге қауқарлы емес.
В тур включены:
  • Трансфер с точки вызова или отеля
  • Услуги гида (в т.ч. переводчика)
  • Ланч (горячая еда, сендвичи, горячий чай)
  • Профессиональная фотосъемка, съемка с дрона (короткие видео) - опционально
Қарап көріңіз

#visitalmaty


Сұранымды қалдырыңыз
Жолдарды толтырыңыз
Aты-жөніңіз
Байланыс телефоныңыз
email
Болдырмау