Гастротур

Саяхаттың жаңа түрі

Гастротуризм — саяхаттың кеңінен танымал болып отырған түрлерінің бірі. Оған қызығатындарды әлемнің түкпір-түкпірінен табуға болады. Айналаңда небір дәмі тіл үйірген тағамдар тұрғанда, өзіңді ұстап тұруға бола ма?! Әсіресе Алматыда, қадам сайын әртүрлі ұлттар мен тақырыптарға тән дәмханалар, мейрамханалар толып жатыр. Отбасыға, жастарға арналған, диеталық тағамдар ұсынатын, вегетариандардікі, тек қана еттен тағам пісіретін... Мұнда келген жан қалаған мейрамханасын табады.

Қаладағы үздік мекемелер

Дәмді тамақтанғанды ұнататын алматылықтар ешқашан тағам атаулыдан бас тартпайды. Сіз тіпті күн сайын таңғы, түскі, кешкі асыңызды қаладағы әртүрлі мекемеден ішіп жүрсеңіз де, оңтүстік астананың бүкіл мекемелерін аралап шығу үшін жылдың өзі жетпейді. Осы турда біз Шығыс, Еуропа және Орталық Азия асханаларына негізделген үздік орындарды таңдадық.

Қазақ асханасынан мастер-класс

Дегенмен түрлі халықтардың ұлттық тағамдарын жеп көрумен шектелмеген жөн. Біздің гастротурымыз аясында Сіз қазақтың сүйікті ұлттық тағамдарының бірінің әзірленуінен шеберлік сабағын көресіз. Демек, үйіңізге тек жарқын әсерлер мен дәмнің естелігін ғана емес, өз достарыңыз бен жақындарыңызды таң қалдыратындай практикалық дағдыларды да алып қайтасыз. Асыңыз дәмді болсын!
В тур включены:
  • Трансфер с точки вызова или отеля,
  • Услуги гида (в.т.ч. переводчика)
  • Счета во всех ресторанах
  • Рецепты всех блюд
  • Профессиональная фотосъемка - опционально
Қарап көріңіз

#visitalmaty


Сұранымды қалдырыңыз
Жолдарды толтырыңыз
Aты-жөніңіз
Байланыс телефоныңыз
email
Болдырмау