Фурманов шыңы

Туристердің танымал шыңы

Алматы маңында Фурманов шыңынан асқан танымал шың жоқ шығар, сірә. Оны алматылықтар «Фурмановка» деп те атайды. Шыңның танымал болуы бірнеше алғышарт бар: шың аса биік емес (теңіз деңгейінен небәрі 3200 метр биікте), қар көшкіні қаупі жоқ, көтерілетін тұсы тік емес, сондықтан оған шығу үшін арнайы дене дайындығы қажет емес, тіпті балалар мен күшіктер де шыңға көтеріле алады. Ал шың үстінің сұлулығы ерекше әңгіме боларлық дүние.

Ел білетін әткеншек

Шындығында, мұнда келушілердің жартысы елге танымал әткеншек теуіп, суретке түсу үшін осы шыңға көтеріледі. Қанат бітіп, аспанда ұшқандай сезіну, таудың тамаша көріністерінен барынша ләззат алу және ыстық естеліктерді фотосурет түрінде мәңгіге сақтап, әлеуметтік желіде достарыңмен бөлісу үшін тауға шығуға тұрарлықтай.

Биік мақсатты көздеген алыс жол

Шыңға шығар жолда тәжірибелі гид Сізге бұл жерлердің тарихы, тылсымы мол табиғат туындыларына байланысты туған аңыздарды әңгімелеп береді. Жолда тоқтап, тыныстап, тамақтанып алуға болады. Таудың төбесінде тұрған адамның бір жағында өмір қайнаған қала, екінші жағында Іле Алатауының басын қар басқан асқар шыңдары мұнартады.
В тур включены:
  • Трансфер с точки вызова или отеля
  • Услуги гида (в т.ч. переводчика)
  • Ланч (горячая еда, сендвичи, горячий чай)
  • Палки для ходьбы
  • Профессиональная фотосъемка, съемка с дрона (короткие видео) - опционально

Жабдықтар мен киім-кешек

  • Трекинг аяқ киімі
  • Маусымға байланысты бас киім
  • Термо іш-киім

Кеңестер

  • Кем дегенде 2 литр су алаңыз
Қарап көріңіз

#visitalmaty


Сұранымды қалдырыңыз
Жолдарды толтырыңыз
Aты-жөніңіз
Байланыс телефоныңыз
email
Болдырмау