Шарын шатқалы

Ландшафтының алуан түрлілігі

Алматы қаласынан 200 шақырым жол жүріп, табиғаттың нағыз кереметі — шарын шатқалына жетесіз. Қызғыш кірпіштен қаланған сияқты жартастардың кейбірі 150, кейбірі 300 метрге дейін сұңғақтанып тұр. Олардың табанын аралай таудың асау өзені Шарын ағып өтеді. Экстремалдар өзенді рафтинг үшін пайдаланады, ал кемпингті жаны сүйетіндер осында шатыр тігіп, қонып қалады.

Шатқалдың пайда болу тарихы

Шарын шатқалын көпшілік Америкадағы Гранд-Каньонның інісі деп атайды. Шарын шатқалы Америкадағы каньоннан көлемі жағынан аздап қана кішілеу болғанмен, сұлулығы жағынан бірде-бір кем түспейді. Шарынның жасы 12 миллион жыл шамасында. Ол жер сілкінісінің нәтижесінде пайда болған. Қуатты дүмпу жердің қабығын ажыратып, зор жарықтар қалдырған.

Жануарлары мен өсімдіктері

Тышқандар мен ақ тышқандар, түлкілер мен қарақұйрықтар, сарышұнақ пен таутекелер — Шарынның тұрғылықты тұрғындары. Шатқалдың өсімдіктер әлемі де алуан түрлі, мұнда ежелгі ағаштардың шағын орманы бар. Ғалымдардың есептеуінше, олардың бұл жерде пайда болғанына, тіпті 25 миллион жылдан асқан. Ағаштың бұл түрі соғды шағаны деп аталады. Бұл ағаш біздің ғаламшарда тек Шарында және Солтүстік Америкада өседі.
В тур включены:
  • Трансфер с точки вызова или отеля
  • Услуги гида (в т.ч. переводчика)
  • Ланч (горячая еда, сендвичи, горячий чай)
  • Палки для ходьбы
  • Профессиональная фотосъемка, съемка с дрона (короткие видео) - опционально

Экипировка

  • Трекинговая обувь
  • Головной убор по сезону

Советы

  • Запаситесь водой не менее 3 л
  • Не забудьте вязть с собой перекус в дорогу
  • Не заходите в реку - опасное течение
Қарап көріңіз
Сұранымды қалдырыңыз
Жолдарды толтырыңыз
Aты-жөніңіз
Байланыс телефоныңыз
email
Болдырмау