Үлкен Алматы көлі

Мың бояулы көл

Алматылықтардың да, оңтүстік астана қонақтарының да сүйікті демалыс орны. Сұлулығына көз тоймайтын көлдің түсі күн сәулесіне, ауа райына, желге, көңіл күйге қарай құбылып отырады. Зеңгір-көкшіл көл кейде қою көк-жасыл түске боянады. Дегенмен көбінесе көлдің суы көгілдір түстес болады.

Күшіңізге күш қосады

ҮАК — тылсымға толы табиғат аясында демалу, медитациямен айналысу, мөлдір суды айнала серуендеу үшін таптырмас орын. Қоршаған әлемнің құшағына ену, таудың таңғажайып таза ауасынан тыныс алу, өсімдіктердің хош иісінен нәр алу, Тянь-Шаньның мәңгі жасыл қарағайлы-шыршалы ормандарының арасында серуендеу — осының бәрі қаладан небәрі 25 шақырым жерде!

Судың мөлдір тазалығы

Көл теңіз деңгейінен 2,5 мың метр биіктікте орналасқан. Басын мәңгі мұздықтар мен қар шалған шыңдар қоршап тұрған көл суретке түсу және отбасымен пикник ұйымдастыру үшін сүйікті орындардың біріне айналған. Көл суына шомылуға тыйым салынған, ал енді шомылғыңыз кеп, өзіңізді ұстап тұра алмайтындай болсаңыз, кішкене жоғарч көтеріліңіз. Көлге суын құйған мөлдір өзен суына түсуге болады. Көлдің суы үнемі салқын. Бірақ оның тазалығы соншалық, тіпті ауызсу ретінде пайдалануға болады. Экскурсияның құнына трансфер, ланч, фототүсіріліп де кіреді.

 

В тур включены:
  • Трансфер с точки вызова или отеля, услуги гида (в т.ч. переводчика)
  • Ланч (горячая еда, сендвичи, горячий чай)
  • Профессиональная фотосъемка, съемка с дрона (короткие видео) - опционально

Экипировка

  • Удобная обувь
  • Головной убор

Советы

  • Возьмите с собой документы, так как рядом находится пограничная зона
Сұранымды қалдырыңыз
Жолдарды толтырыңыз
Aты-жөніңіз
Байланыс телефоныңыз
email
Болдырмау