Бірегей Алматы

Тұрғындарымен сүйікті қала

Алматы сияқты қала басқа еш жерде жоқ. Қаланың кез келген жерінен көрінетін мұнар таулар, әртүрлі мәдениет пен ұлт өкілдерінің мызғымас достығы, сәулет өнері туындыларының үйлесімділігі — осының бәрі оңтүстік астананы өзгелерден ерекшелеп тұрады. Түрлі өңірлердің тұрғындары сіңісу үшін, Астана тұрғындары жылыну үшін осында келеді. Әрбір алматылық туған қаласын неліктен сүйетінін енді Сіз де білесіз.

Тарихи орындар

Экскурсия кезінде Сіз қаланың Верный кезінен күні бүгінге дейінгі қалыптасу тарихын білесіз. Орыстың көне сәулет туындыларын, шіркеулерді, мешіттерді, жасыл желекке оранған саябақтарды, нағыз Шығыстың базарларын аралайсыз. Экскурсия барысында, тіпті, кейбір алматылықтардың өздері білмейтін дүниелерден хабардар боласыз.

Заманауи орталықтар

Тарихи мекендерге арналған кезеңнен кейін заманауи қалаға үңіліп, қазіргі алматылықтардың сүйікті орындарына барасыз, қаланы басқа қырынан көресіз. Жаяу серуендеуге арналған Арбат пен Панфилов көшесі, 28 панфиловшылар паркі, думанды Горький паркі, Көк базар — мұның бәрін қала тұрғындары беске біледі. Сіз де олармен терезеңіз теңесе түседі.
Қарап көріңіз
Сұранымды қалдырыңыз
Жолдарды толтырыңыз
Aты-жөніңіз
Байланыс телефоныңыз
email
Болдырмау