Алматыны шарлаған экскурсия

Қаладағы ерекше атмосфера

Дәл Алматыдай қаланы Сіз әлемнің еш елінен таппайсыз. Біздің оңтүстік астананы басын мәңгілік қар шалған шыңдары мұнартқан Алатау мен әйнектен Алатауға үйлестіре салынған зәулім ғимараттары, қаланың жоғарғы бөлігіндегі даңғыл жолдары мен өткен күннің ыстық сәулесіндей төменгі бөлігі... өзгелерден ерекшелеп тұрады. Алматы адамдарымен де бірегей — 100-ден астам ұлт өкілдері, түрлі мамандық иелері, мәдени дәстүрлер осы қалада біте қайнасып жатыр. Сіз қаладағы аудандардың бірі екіншісінен күрт ерекшеленсе де, адамдарында өзгеріс жоқтығын, қаланың барлық жерінде бірдей нағыз алматылыққа тән қонақжайлылықтың сақталғанын көріп таң қаласыз.

Тарихи мәні бар орындар

Экскурсияның бірінші бөлігі 28 панфиловшы, Вознесенск соборы, Мәңгілік алау және даңқ мемориалы, Ескі алаң сияқты қаланың қалыптасуында маңызды рөл атқарған «тарихи орындардан» және мәдени мәні жоғары жерлерден тұрады. Сіз бүкіл Қазақстан халқының басты алаңы — Республика алаңын, Тәуелсіздік монументін көріп оның тарихы, авторлары туралы, еліміздің тарихы туралы мол әрі қызықты мағлұмат аласыз.

Қазіргі тұрғындардың өмірі

Екінші кезеңде «заманауи» Алматыны, оңтүстік астана тұрғындары уақытын өткізетін жерлерді көресіз. Қаланың сауда, мәдениет, спорт орталықтарын аралайсыз. Айнала төңірекке жақсылап қараңыз, өйткені Сіз қаладағы басты көшелер — Абай, Абылайхан, Назарбаев даңғылдарымен жүріп өтесіз. Бұдан бөлек, біздің қаладағы сүйікті жаяужолдар — Арбат және Панфилов көшелерінен жүресіз.
В тур включены:
  • Трансфер с точки вызова или отеля
  • Услуги гида (в.т.ч. переводчика)
  • Профессиональная фотосъемка- опционально
Қарап көріңіз
Сұранымды қалдырыңыз
Жолдарды толтырыңыз
Aты-жөніңіз
Байланыс телефоныңыз
email
Болдырмау