72 сағаттық транзиттік визасыз – Алматыда


2018 жылдың сәуірінен бастап Астана мен Алматының халықаралық әуежайлары арқылы транзитпен ұшатын Қытай және Үндістан азаматтары үшін 72 сағаттық визасыз режим енгізілді.

72 сағаттық визасыз режим

Енді 72 сағаттық визасыз режимді пайдаланатын Қытай және Үндістан азаматтарын әуежайдағы шекара қызметі тіркеп, оларға шекарадан шығып кететін сағат көрсетілген миграциялық карта беріледі. Шетелдік қонақтардың келуіне байланысты басқа жайттың бәрі аталған елдердің азаматтары ұшып кету үшін рейсін пайдаланатын қазақстандық әуе компаниясының міндетіне жүктеледі. Әуе компаниясының өкілдері ондай жолаушылардың тізімдерін дербес түрде ішкі істер органдарына тапсырып, визасыз режимнің мерзімін бұзу секілді түйткілді мәселелерді де шешеді.
Суретте: Visit Almaty туристік хабына келген қытайлық қонақтар ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы Халықаралық әуежайындағы Шекара қызметінен алынған деректерге сәйкес, Қытайдан келетін туристердің саны 50-ден күрт 1343-ке дейін артқан. Жалпы, визасыз режимнің арқасында Алматыға 10 мыңнан астам Қытай азамат келген. Транзитпен ұшқан үндістандық туристердің де қарасы көбейіп келеді. Қазір туристер өсімі айтарлықтай көп емес, өйткені олар үшін визасыз режимнің енгізілгеніне әлі көп болған жоқ. 2018 жылдың сәуірінен бері 8 айда 2,5 мың адам оны пайдаланған. Қытай және Үндістан азаматтарына арналған 72 сағаттық визасыз режимнің пайдасы бірте-бірте байқала бастады. Транзитпен келген туристер қалаға шығады, ақшасының бір бөлігін осында қалдырып, еліміздің экономикасын дамытуға үлес қосады.
Астана және Алматы қалалары арқылы транзитпен ұшатын Қытай азаматтары үшін сынақ ретінде енгізілген бірегей 72 сағаттық визасыз режим нәтижелі әрі қауіпсіз екенін көрсетті. Режим Қытай азаматтары үшін 2018 жылдың сәуірінде жыл соңына дейін ұзартылып, Үндістан азаматтары үшін де дәл осындай режим енгізілді.

#visitalmaty


Сұранымды қалдырыңыз
Жолдарды толтырыңыз
Aты-жөніңіз
Байланыс телефоныңыз
email
Болдырмау