Алматыда даңқты альпинист Анатолий Букреевтің кітабы таныстырылды


Алматыда даңқты альпинист Анатолий Букреевтің күнделіктеріне негіздеп жазылған «Над облаками» кітабы таныстырылды. Кездесуге альпинистердің бірнеше буыны, таудың әуесқойлары, жұртшылық өкілдері жиналды. Анатолий Букреев өмірінің жұрт біле бермейтін фактілері туралы альпинистер — Ринат Хайбуллин мен Владимир Фролов, журналист әрі қазақстандық альпинистер туралы кітаптардың авторы Галина Муленкова әңгімелеп берді.
Букреев күнделіктерінің альпинистің құрбысы Линда Уайли өңдеген жинағының алғашқы таралымы мың данамен жарық көріп, қазірдің өзінде сирек кездесетін басылымға айналып үлгерді. «Над облаками» кітабына деген қызығушылық кітап жарық көргеннен біраз бұрын-ақ туындаған болатын. «Над облаками» кітабының алғы сөзін Қазақстанның 1997 жылы Эверестке ұйымдастырған экспедициясына қатысушылардың бірі Владимир Фролов жазды. Анатолий Букреев пен оның құрбысы Линда Уайли альпиниспен тағдырлас болып, шыңға көтерілерде үсіп қалған кезде емделуіне көп көмектескен еді. Қазақстан және дүниежүзілік альпинизмнің аты аңызға айналған өкілі Анатолий Букреев күнделіктерінің таныстырылымы «Visit Almaty» туристік ақпарат орталығында болды.
Анатолий Букреевті кәсіби альпинистерден таудың әуесқойларына дейін қадірлеп, құрметпен еске алады. Ол ғаламшардағы биіктігі сегіз мың метрден асатын он бір шыңға 18 рет көтеріліп, әлемнің ең мықты альпинистерінің бірі болды. Букреевтің есімі Эверестегі қайғылы оқиғамен мәңгі есте қалды. Букреев тау биігінде апатқа тап болған үш адамды құтқарып, теңдессіз операцияны іске асырды. Анатолийді Қазақстандағы скайраннинг — тауға жүгіріп шығу спортының атасы деп те атайды.
Сұранымды қалдырыңыз
Жолдарды толтырыңыз
Aты-жөніңіз
Байланыс телефоныңыз
email
Болдырмау