Алматылықтар туристерге көрсете бермейтін парктер, саябақтар, аллеялар


Сіз бұл жерлерді қаланың ешбір туристік картасынан таппайсыз. Бірақ нағыз алматылықтардың өмірі бұларсыз өтпейді.
Қыдыру болса, қыдырайық!

«Қарағайлы» саябағы

Адрес: ул. Наурызбай батыра, угол ул. Карасай батыра.
Мекенжайы: Наурызбай батыр к., Қарасай батыр көшесімен қиылысында. Саябақ, 1879 жылы Жетісу облысының әскери губернаторы Герасим Колпаковскийдің күшімен саябақ маңайында тұрған ғимарат Верныйдың жетім балалар үйіне берілгендіктен, бұрын «Баспана саябақ» («Приютский парк») деп аталды. Кеңес үкіметінің тұсында саябаққа Дзержинскийдің есімі берілді. Юрий Домбровскийдің кітаптарын оқыған адам, оның шығармаларынан, әсіресе, «Факультет ненужных вещей» туындысынан осы қарағайларды айнымай таниды.

Хамит Ерғали саябағы (Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанында)

Адрес: ул. Тимирязева, угол ул. Шашкина. 
Мекенжайы: Тимирязев к., Шашкин көшесімен қиылысар тұста. Саябақта, көбінесе, осыдан 100 қадамдай жерде орналасқан әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттері серуендейді. Жуық маңдағы үйлердің тұрғындары, ғашықтар да бұл жерді ерекше сүйеді. Жап-жасыл, жайбарақат, кең саябақта балаларға арналған ойын алаңы, тіпті ит жетектеген адамдар жиналатын бөлек орын да бар.

Есентай жағасындағы жасыл желек

Адрес: от пр. Абая до пр. Аль Фараби.
Мекенжайы: Абай даңғылынан әл-Фараби даңғылына дейін. Таңертең және кешкісін алматылықтар осында жүгірумен айналысады, жаяу серуендейді. Өйткені өзен өзімен бірге таудың салқын, таза ауасы мен мөлдір суын қалаға алып келеді. Ал кешкісін көше шамдары жанған соң бұл жер нағыз романтиктердің сүйікті орнына айналады.

Қазақстан қонақүйінің артындағы саябақ

Адрес: пр. Абая, угол ул. Курмангазы.
Мекенжайы: Абай даңғылы – Құрманғазы көшесі. Туристердің көпшілігі әдетте бір кездері Алматының ең биік ғимараты — Қазақстан қонақүйін тамашалап, Абай ескерткішіне жеткен соң, сол жерде суретке түседі де, ары қарай жүріп кетеді. Ал алматылықтар қонақүйдің сыртынан айналып өтіп, жайбарақат, жайлы саябақта субұрқақтың сылдыраған үнімен сіңісе кітап оқиды немесе аптап ыстықта осында келіп паналайды. Ал қыста қарт емендердің бұтақтарында өмір сүретін тиіндерді қоректендіреді.

Тереңқұр

Адрес: от пр. Абая параллельно улице Таттимбета.
Мекенжайы: Абай даңғылынан бастап Тәттімбет көшесін жағалай орналасқан. Алматыдағы Тереңқұр жолаушы жолының ұзындығы 5 шақырымға жетеді. Онымен жаяу жайбарақат серуендеймін деген адам басынан аяғына дейін 1,5-2 сағаттай жүреді. «Денсаулық соқпағы» «Арман» кинотеатрының маңынан басталып, Тәттімбет көшесін жағалай тауға қарай көтеріледі. Соқпақ жүрігумен, спорттық жүрумен және басқа да спорт түрлерімен айналысатындар үшін таптырмайтын орындардың бірі. Тереңқұрдың төменгі нүктесі теңіз деңгейінен 876 метр, ал ең биік жері 1060 метр биіктікте орналасқан. Жазда айнала маңның бәрі жасыл желекке оранады.

Президент Қоры саябағы

Адрес: ул. Западный Желтоксан, угол ул. Тимирязева.
Мекенжайы: Батыс Желтоқсан к., Тимирязев көшесімен қиылысында. Алматылық жастар көгал үстінде пикник ұйымдастыруды ұнататын жерлердің бірі. Әдетте, шаңырақ көтеріп жатқан жас жұбайлар тойға фотосессия жасау үшін осында келеді. Дегенмен, саябақ ешқашан келгендерді сыйғызбай қайтаратындай толмайды. Жалғыз серуендеп, көк шөптің үстінде отырып тынығып алып, 15 минуттан соң қаладағы қайнаған өмірге қайтқыңыз келсе — осында келіңіз.

Ғабит Мүсірепов атындағы ЖКТ алдындағы саябақ

Адрес: пр. Абылай хана, угол ул. Маметовой.
Мекенжайы: Абылай хан даңғылы, Мәметова көшесімен қиылысында. Ескі Алматының иісі, ХХ ғасырдың 50-60 жылдарындағы жасыл желекке оранған, көктемде бөртегүлдің иісі аңқыған аллеялар, бұтақтары баттасып жатқан қарт емендер — осы жерде. Сырттан келгендердің арасында танымал 28 панфиловшы саябағы мен ҚБТУ алдындағы саябаққа қарағанда, бұл жерде әдетте адам аз болады. Сондықтан мұнда келіп, жайлы тыныштықта ару қаланың ажарын жалғыз тамашалау мүмкіндігі бар.
Сұранымды қалдырыңыз
Жолдарды толтырыңыз
Aты-жөніңіз
Байланыс телефоныңыз
email
Болдырмау