Конкурс «Алматы туралы үздік видео»


Конкурсқа қатысу шарттары:

Алматы қаласының Туризм басқармасы «Алматы туралы үздік видео» байқауының басталғанын xабарлайды. 

  1. 1.     Видеоролик Алматының туристік нысандарына қатысты болуы; 
    2.     Роликте автор қаланың көрікті жерлері мен ерекшеліктерін айтып, өз әсерімен бөлісуі; 
    3.     Видеожұмысты өз YouTube арнасында орналастыру немесе электронды поштаға жіберу,    e-mail: bestvideoalmaty@gmail.com. 
    Жұмыстарды қабылдау 1 шілдеден 12 шілде сағат 23:59 дейін (Алматы уақыты) жүргізіледі. 
     
Байқау талаптары
  • Xронометраж: 20 секунд – 3 минут аралығы
  • Формасы: көлденең
  • Сапасы: кем дегенде 720 р, сапалы сурет және музыка (қараңғы кадрлар мен дыбыс сапасы төмен болмауы)
  • Кадрлар Алматы қаласы және облысында түсірілуі тиіс. Авторлық құқықпен қорғалған және өзге авторларымен түсірілген дыбыс-бейнелерді көшіруге тыйым салынады.
  • Тілдер – қазақ, орыс, ағылшын.
Конкурстың ережелері:
  • 18 жастан асқан ҚР азаматтары мен туристтері қатыса алады. 
  • Видео мәтінінде бөгде сілтемелер мен лексика болмауы тиіс.
  • Ұзақтығы 3 минуттан аспауы тиіс.
  • Бір қатысушы тек бір ғана жұмыс өткізе алады.
  • Конкурсқа қатысқан видеоларды жарнамалық мақсатта пайдалану құқығы Алматы қаласы Туризм басқармасына беріледі.

  • Қатысушылар өздері жайлы ақпаратты (аты-жөні, жасы, елі) және бейнеролик сілтемелерін bestvideoalmaty@gmail.com электронды адресіне 1 шілдеден бастап 12 шілде сағат 23:59 дейін (Алматы уақыты) жолдай алады. Қатысу туралы– 87076918132 Чингиз Аманжол.

  • БАҚ байланысу телефоны: 8-776-735-99-94, 87077305479 Куляна Алина
Сұранымды қалдырыңыз
Жолдарды толтырыңыз
Aты-жөніңіз
Байланыс телефоныңыз
email
Болдырмау