Алматы жаңа жыл мерекесін тойлады


Кеше кешкісін 18:00-де Республика сарайының алдындағы алаңда Алматының бас шыршасы жанды. Биіктігі 18 метрге жететін шыршаның маңайында ертегідегі қысқы қалашық бой көтерді.

Алматының бас шыршасы 18:00-де Республика сарайының алдындағы алаңда жанды

Биылғы шыршаның биіктігі 18 метрге жетті. Оның жанынан қысқы ертегі қалашығы бой көтерді. Астана алаңында, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті саябағында, Абай атындағы Маобт алдындағы алаңда, «Almaty Arena» мұз айдыны кешенінде тағы төрт шырша тұрғызылды.
Жаңа жыл мейрамы қарсаңында Астана алаңы Алматының мерекелі орталықтарының біріне айналды. Осы жерде ұлттық рух бере әшекейленген он екі метрлік ғажап шырша тұрғызылды. Шыршаның қаңқасы металдан өріліп, табаны керегенің стильденген түрінде жасалды. Әсем шыршаның тұла бойы әшекейлі сәукелені еске түсіреді. Бұл авторлардың – жас суретшілер орталығының тамаша шығармашылық туындысы болды. Шыршаны айналдыра ағаштан жасалған арбалар, қонақтарға шайы мен бауырсағын ұсынған аққалалар орнатылды. Таңғажайып шырша қалалықтардың суретке түсетін танымал орындарының біріне айналып үлгерді.
Сұранымды қалдырыңыз
Жолдарды толтырыңыз
Aты-жөніңіз
Байланыс телефоныңыз
email
Болдырмау