Жаңажылдық құттықтаулар


Қадірлі достар! Visit Almaty қала белсенділері мен өнер иелерінің Жаңа жыл мерекесіне байланысты шынайы құттықтауларын ұсынады. Олар алуан түрлі – біреулер бұрынғы уайым-қайғылардан арылуды тілесе, енді біреулер жай ғана ізгі тілектерін білдірді. Бастысы – жүрекжарды тілектердің шынайылығы. Егер Сіз де жерлестеріңізді мерекемен құттықтағыңыз келсе, астына пікір ретінде жазып қалдыруға болады.

Мақсат Қиқымов

Алматы қаласының Туризм және сыртқы байланыстар басқармасының басшысы @almatytourism
2018 жыл біздің қала үшін мазмұнды, қызықты әрі табысты болды. Өткен жылды қорытындылай отырып, мақтан етерліктей шаруа тындырғанымызды сеніммен айта аламын. Тауға апаратын ондаған бағдарды аштық, жүздеген туристік нысанды абаттандырдық, қаланың мыңдаған қонақты хабардар етіп отырдық. Жаңа жылда іске асырар жоспар көп. Үміттеріміз ақталсын, жаңа жыл табыс пен ізгі амалдардың жылы болсын! Мереке құтты болсын!

Әлия Зәкиева

Visit Almaty @visitalmatykz директоры
Әрбіріміз сүйікті Алматының көшелерінде естен кетпес оқиғаларды өткізгенбіз: кейбіреулер осында туып, бақытты балалығы осында өткен, біреулер алғашқы махаббатын осы жерден тапты, енді біреулер ізгі армандарын іске асырды. Жаңа 2019 жыл қаланың әрбір тұрғыны үшін жақсы естеліктерге, жаңа таныстарға, мүмкіндіктерге толы болсын. Алматы жақсара берсін. Баршамыз үшін маңызды әрі ерекше қала гүлдене берсін, өсе берсін. Мерекелеріңізбен!

Руслан Тағаев

Фотосуретші @tagaev
Алматы спорттың қаласына айналып келеді. Мен осындай әсем қалада салауатты өмір салтын ұстанатыныма қуаныштымын. Алматылықтарға салауатты дәстүрлер терең тамыр жайып, әрбір тұрғынға игілігі тие берсін деп тілеймін!

Айсұлу Әзімбаева

Театр және кино актрисасы @strangeice
Біздің тауларымыз да, оның етегінде өмір сүретін адамдар да керемет. Шаңғы-конькилеріңізді алып, бәтеңкелеріңізді киіңіздер де, мерекелі кеште тауға жөнеліңіздер. Қазақстанда ыстық шайды сүйсіне ішеді ғой. Сондай ыстық лебіздерімен, алматылық Айсұлу Әзімбаева.

Әсел Тәтішева

Кәсіпкер @asselta29
Жаңа жыл қарсаңында баршаңызға аспанымыз ашық болсын, ұшақтар ұшып-қона берсін, өрт тек ғашықтардың ғана жүрегінде лауласын, тек қана қуаныштан көзімізге жас толсын деп тілеймін. Жақындарымыз қашанда сау-саламат, аман-есен болсын, бір жылдан соң дәл осындай мерекелік көңіл күй баурап алсын.

Арман Юсупов

Блогер @yussupov21
Қайда болсам да, қайда барсам да, мен үшін Алматы бірінші нөмірлі қала болып қала бермек. Әкемнің тамаша сөзі бар: «Өмір бір-ақ рет беріледі, ал оны Алматыда өткізу керек». Шынында да солай ғой. Өйткені қала табиғат пен мегаполистің тамаша үндестігінен туған. Мен қалада жұмыс істеп, артынша тауға шыққанды ұнатамын. Біз бақыттымыз! Баршаңызды ғажап Алматыда күтемін!

Камила Курбани

Дизайнер @kamilakurbani
Сіздерге Жаңа жылда өткен жылдан да бақытты болыңыздар деп тілеймін. Менің креативам мен идеяларым, жұмысқа деген ынта-жігерім мен оның нәтижелері, мінсіз сұлулық пен тамаша көңіл күй Жаңа жылда сіздермен бірге болсын! Жаңа жыл құтты болсын, достар!

Зарина Алтынбаева

Опера әншісі, Абай ат. МАОБТ солисті @zarina_altynbayeva
Келе жатқан Жаңа жылмен құттықтаймын! Жаңа жылды үйде қарсы алғаннан артық ештеңе жоқ. Туыстарымыз бен жақындарымыз аман-сау жүрсін, үйіміз берекелі, мерекелі болсын, жүрегіміздегі махаббат алауы сөнбесін!

Серік Есматов

Спортшы-паралимпиадашы, қоғам қайраткері @yesmatov.s
Құрметті Алматы қаласының тұрғындары және қонақтары! Сіздерді Жаңа жылмен құттықтаймын! Барша ізгілікті, бейбітшілік пен құт-береке тілеймін! Шынайы күлкі, жақсы күндер, бақытты күндер жақсы адамдар көбейе берсін!

Дания Меденова

Блогер @daniya_medenova
Қаламызда оны дамытатын саналы азаматтар көбейе берсін. Дарынды алматылықтар туа берсін! Алматыда қызықты шаралар, концерттер, жастар үшін мәдени мерекелер көбейе берсін!

Айна Досмахамбетқызы

Блогер @aina_doskyzy
Құрметті Алматы қаласының тұрғындары және қонақтары! Сіздерді шын жүректен келе жатқан жаңа жылман құттықтаймын! Ең бастысы, аман болыңыздар, бар болыңыздар!

Нұржан Алғашов

Саяхатшы @travelblog.kz
Жаңа жыл жаңа елдер мен қалаларға жол ашсын, ал Алматы көркейе берсін! Саяхаттаңыздар, достар!

Салтанат Қазыбаева

«Алматы марафон» директоры @almatymarathon
Ең әсем, спортты сүйетін қала Алматының тұрғындары және қонақтары! Жаңа жылмен құттықтаймын! 2019 жыл табысты, сәтті, маңызды оқиғаларға толы болсын! Мықты денсаулық, жеңістер, үндестік тілеймін! Жаңа жылда біздің қалада спортты сүйетін адамдар көбейе берсін!
Сұранымды қалдырыңыз
Жолдарды толтырыңыз
Aты-жөніңіз
Байланыс телефоныңыз
email
Болдырмау