Джулиана Карузо


Алматы — шетелдіктер, Қазақстанның басқа өңірлерінің тұрғындары уақытша келіп, осында мәңгі қалып қоятын қала. Джулиана Карузо тау баурайындағы ару қала оларды несімен тартатынын айтып берді.

Айтыңызша, сіздер жұбыңызбен қалай таныстыңыздар?

Мен Қазақстанға 2011 жылы жұмыс бабымен келген болатынмын. Халықаралық тәжірибемді арттырғым келетін. Италияда менің отбасым ғана емес, қолымды сұраған жігітім де қалды. Біз бес жыл бойы кездесіп жүрдік, бірақ мен сезіміме сенімді болған жоқпын. Алматыға келген соң, алғашқы күні әріптесім Салиммен бірге қаланы қыдырдық. Біз бір кофехананың маңынан өтіп бара жатқанда Салимді әлдекім айғайлап тоқтатты. Ол Ержан еді.

Қазақтың келіні болған қалай екен?

Шынын айтқанда, мен дәстүрлі қазақ келіні емеспін. Менің ашық айтқанды ұнататын өз ойым бар. Ержан да мені қатаң бағындырып, қазақша салт-дәстүрлерді сақтауға мәжбүрлемейді. Дегенмен, қазақтың дәстүрлерін өте құрметтеймін, оның отбасына құрметпен қараймын.
Біз де, қазақтар сияқты аға буынды аса қадірлейміз. Ең басты ұқсастық та осы.

Итальян отбасы қазақ отбасына несімен ұқсайды

Италияның оңтүстігінде дәстүрлер мен отбасы құндылықтарын қатаң сақтайды. Қиындықтар туындаса, біз жалғыз қалмаймыз, ондайда туыстарымыз қолдап, өз басына күн туғандай қабылдайды. Менің жиенім ұзақ уақыт бойы перзент сүйе алмай отырғанда, бәріміз де уайымдадық, әжем күн сайыны дұға ететін. Оның бала көтергенін білген күн баршамыз үшін үлкен мереке болды.
#visitalmaty

Сұранымды қалдырыңыз
Жолдарды толтырыңыз
Aты-жөніңіз
Байланыс телефоныңыз
email
Болдырмау