Деннис Кин


Walking Almaty сервисінің негізін қалаушы
Дэнис Кин, Walking Almaty жаяу серуендеу сервисінің негізін қалаушы. Дэнис шетелдіктерге қаланы қалай таныстыра бастағаны, Алматының туристерді несімен таң қалдыратыны және біздің қалаға қандай туристер жиі келетіні туралы әңгімелейді.

Сіз Қазақстанға қалай келіп қалдыңыз?

Алғаш рет 17 жасымда студент алмасу бағдарламасымен келгенмін. Екі ай қазақ отбасында тұрып, қазақ және орыс тілдерін үйрене бастадым. Ұнаттым. Кейін Калифорнияға қайтып кеттім. Лингвистиканы оқып, негізгі тіл ретінде орыс тілін таңдадым. Кейін практикадан өткізу үшін Қырғызстанға барып, бір жыл Бішкекте тұрдым. Сосын үйге оралып, Стенфордта қазақ тілін үйрене бастадым. Төрт жыл бұрын Қазақстанға келдім. Басында бұл ел туралы ештеңе білмейтінім мені осында сүйреді. Америкалықтар Қазақстан туралы ештеңе білмейді, бұл олар үшін үлкен құпия. Ал мен үшін қызықты сапар болды. Алматыда тұрған соң, сәулет ескерткіштері, инфрақұрылымы, қаланың тартымды тұстарын байқай бастадым…
Деннис Кин
Әрине, бұл жердің асханасынан дәм татып көрдім, мәселен кәуап пен самсаны ұнатамын. Қазақтың салт-дәстүрлерін де жақсы білемін. Біріншіден, жоғарыда айтқанымдай, қазақ мәдениетін оқып үйрендім, екіншіден, менің келіншегім де қазақ қызы.

Әрине, бұл жердің асханасынан дәм татып көрдім, мәселен кәуап пен самсаны ұнатамын. Қазақтың салт-дәстүрлерін де жақсы білемін. Біріншіден, жоғарыда айтқанымдай, қазақ мәдениетін оқып үйрендім, екіншіден, менің келіншегім де қазақ қызы.

— Менің өз міндетім бар, ол — адамдарға қызықты әрі ұғынықты болуы үшін қазақ халқының тарихы мен мәдениеті туралы айтамын. Мынау біздің ұлы Абай, ол ақын болған деп айту оп-оңай. Шетелдіктер үшін бұл ақпарат ештеңені білдірмейді. Мен Абайдың несімен танылғанын түсіндіруім керек. Немесе, мәселен, америкалықтар, еуропалықтардың түсінігінде кеңестік кезеңдегі архитектура — қызықсыз, ұсқынсыз бетон ғимараттар. Менің міндетім — мұның шындыққа жанаспайтынын көрсетіп, олардың пікірін өзгерту. Әртүрлі кезеңдерде салынған ғимараттар бар екенін түсіндіремін. Мәселен, Ғылым академиясын немесе «Алматы» қонақүйін көрсетемін. Олар да кеңестік кезеңде салынған. Туристер үнемі таң қалысады.

Турларды қалай құрастырасыз? Қай бағыттарды қосасыз?

— Менің сүйікті ауданым — «Алтын квадрат». Бұл Алматының тарихи орталығы, туристер үнемі мұнда келгенді ұнатады. Сондықтан бұл менің алғашқы турым болды. Артынша, шетелдіктер тек орталықта ғана емес, шеткі аудандарды да көргісі келетінін түсіндім. Оларға өзіне тән ерекшелік қажет, адамдар қалай өмір сүретінін көрген қызық. Кейде, қонақтар қаланың орталығында серуендеп, әдемі дәмханаларды, жақсы дүңгіршіктерді көре жүріп, қазақстандықтардың бәрі де мұндай деңгейде өмір сүрмейтін шығар деп түсінеді. Туристерге Кіші станица секілді аудандарда серуендеген ұнайды. Ол тарихи аудан, онда ескі ғимараттар көп. Бірақ бұл қарапайым адамдар тұратын, жұпынырақ аудан.

Сіздіңше, туристер Алматыда қандай жерлерге барғаны жөн?

— Дөп басып айту қиын, бұл әр адамның қалауына байланысты. Дегенмен, өз басым қаладағы топ-5 қатарына: Көктөбе, Медеу, Шымбұлақ, 28 панфиловшы саябағы, Көкбазар, «Алтын квадрат» кіреді деп ойлаймын. Дереккөз: www.kapital.kz
Сұранымды қалдырыңыз
Жолдарды толтырыңыз
Aты-жөніңіз
Байланыс телефоныңыз
email
Болдырмау