Александр Неделько


Қазақстанға келетін шетелдік журналистер мен блогерлердің қарасы көбейіп келеді. Олар көрікті орындарды аралап, қала тұрғындарының мәдениетімен танысып, алған әсерлерін Интернетте бөліседі. Жуырда Алматыға DVhab.ru-дың саяхатшы тілшісі келді.

Шынайы қуаныш

«Ол теңіз деңгейінен екі жарым мың метр биікте орналасқан. Оның суы құбыр арқылы алматылықтардың пәтеріне барады. Иә, иә, қалалықтар содан су ішеді. Эмоцияларым туралы айтсақ, айқайлап жіберейін дедім — судың түсі көгілдір, ал оның айналасында қар жатыр, ауасы тап-таза. Сұлулығы сөзбен айтып жеткізгісіз! Оны сезініп көру керек», — деп жазды Александр.
Эмоцияларым туралы айтсақ, айқайлап жіберейін дедім

Айбыны жүрегіңді жаулап алады

Қалай ғана Алматыға келіп, одан бірнеше сағатта ғана жететін Шарын шатқалын көрмей кетесіз? «Шатқалды кезіп жүріп, еріксіз өзіңді бұл әлемде ұсақ түйіршіктей сезінесіз. Жарықтардың түбінде алып қойтастар жатыр, айналаны қоршап биік жартастар тұр, ал олардың жарықшағына ересек адам да сыйып кетеді», — деп әсерін бөлісті журналист. Дереккөз: www.mix.tn.kz

#visitalmaty


Сұранымды қалдырыңыз
Жолдарды толтырыңыз
Aты-жөніңіз
Байланыс телефоныңыз
email
Болдырмау