Енді «Медеу» мұз айдынында жыл бойы коньки тебуге болады. 2022 жылдың 1 маусымынан бастап мұнда жабық мұз айдыны ашылды. Билеттердің бағасы қысқы маусымға қарағанда төмен.

Жазғы мұз айдынының жалпы ауданы – 450 ш.м. ол аренаның кішкене бөлігін алып жатыр. Мұзды күн мен жаңбырдан шатыр қорғайды, қабырғалардың біреуі әйнектен жасалған, сондықтан шатқалдың сұлулығына қарап таңдануға болады.

Медеуде жабық мұз айдынынан басқа мұражайға, роллердромға және скейт-паркке баруға болады. Кешен демалыссыз жұмыс істейді.

Бағасы

Бір сағаттық сырғанау билеттерінің бағасы:

— балаларға – 1,000 теңге;

— ересектерге – 1,500 теңге;

— 6 жастан төмен балаларға – тегін.

Сондай-ақ қараңыз