Әлемнің жаңа кереметі

Табиғаттың теңдессіз ескерткіші және «Қазақстанның 7 кереметінің» бірі, бұл құмды бархан Алтын Емел қорығының визит карточкасы болып табылады. Ол Іле өзенінің оң жағалауында, Алматы қаласынан солтүстік-шығыс бағытта орналасқан. Оны «Әндету» деп атайды, себебі құрғақ ауа-райында жел Барханның баурайларын айналып өтіп, олардан таңқаларлық әуезді дыбыстар шығарады.

Табиғаттың таңғажайып әуені

Барханның көлемі – биіктігі 120 м және ұзындығы 4 км. Сіз таудың баурайына көтерілгенде, құм аяғыңыздың астынан төмен қарай түсебастайды, ал төбенің түкпірінен ұшақ қозғалтқышының шуылына ұқсайтын дыбыс шығады. Барханның қайдан шыққанын ешкім білмейді, алайда оның қатты дала желдерінің әсерінен аумағының қозғалмайтындығы таңқаларлық факт болып қала береді.

Жазғы ыстықтағы қысқы спорт

Бархан өзінің ашық жотасы мен биіктігінің арқасында шаңғы және сноуборд әуесқойларының назарын өзіне аударады, көптеген адамдар осы құмды төбенің баурайын шебер бағындыра алды. 45 градустық төбе баурайына көтерілу оңай емес, алайда Іле алқабының керемет көрінісін көру үшін оны игергеруге тұрарлық әсер!

Сондай-ақ қараңыз