«Алтынемел» мемлекттік табиғи паркі

«Алтынемел» мемлекттік табиғи паркі

Қазақстандағы үздік парктердің бірі

Қапшағай қаласына жақын маңда орналасқан қорық аймағына дейін Алматыдан 150 шақырымдай жол жүресіз. Парк Іле өзенінің аңғарына орын тепкен. Ол Қазақстандағы ең алдыңғы қатарлы парктердің бірі болып табылады. Әсіресе табиғат ғажайыптарын, өсімдіктер мен жануарларды қорғаудағы, туристік қызметті ұйымдастыру мен рекреациялық табиғат саласындағы оның маңызы ерекше. «Алтынемел» табиғат аймағының бірегей ерекшелігін, өсімдіктер мен ондағы жануарларды сақтап қалу мақсатында 1996 жылы Қазақстан Республикасы үкіметінің қаулысымен құрылған.

This is a conservation area located near the city of Kapachagai, 150 km from Almaty.

Singing Barkhan (Sand Dune)

This is one of the most famous attractions of the park, especially loved by tourists. It is a huge sand dune, about 3 km long and 120 m high. A unique feature of this sand dune is that in dry weather the wind flying over the park collides with a sand dune and produces amazingly melodic sounds. The “music” of the dune can be heard several kilometers around it.

Бесшатыр

Бесшатырды қазақ даласының «Стоунхенджі» деп атайды. Бірақ оны құрудағы мақсат мейлінше белгілі. Бесшатыр қорғандар кешені біздің заманымызға дейінгі VI-III ғасырларда өмір сүрген сақ (скиф) билеушілерінің моласы міндетін атқарған. Сырттан қарағанда кешен табиғи адырларға, төбелерге ұқсағанмен, түрлі жануарлардың кескіні түсірілген 45 тас кешеннің адам қолымен жасалғанын айғақтайды.

Таңбалы тас

Таңбалы тас облыстағы ең танымал ескерткіш. Онда ежелде тасқа қашап жазылған суретті жазулар — петроглифтер сақталған. Ол суреттердің арасындағы ең танымалы — қазақ даласын мекендеген ежелгі халықтар сыйынған Тәңірдің символы, күн адамдардың бейнесі. Зерттеушілер петроглифтердің жасы 2 мың жылдан асады деп есептейді. Жорамалдарға сүйенсек, тастағы таңбалар біздің заманымызға дейінгі шамамен XVI-XIV ғасырларға тән.

Қатутау және Ақтау

Бұл сиқырлы таулар табиғаттың шын мәніндегі көрікті мекендері болып табылады. Ақтау тауларының түрлі түсті бөктерінде қызыл, жасыл, алқызыл, көк — неше түрлі тастарды көресіз. Ғажап ландшафтының пайда болуын ғалымдар бұл аумақта болған ежелгі мұхитпен байланыстырады. Есептеулерге қарағанда, бұл таулар миллиондаған жылдар бұрын құрғап кеткен мұхиттің түбі болған. Қатутау ежелгі жанартаудың атқылауынан пайда болған таңғажайып пішінімен таңғалдырады. Осы таулардың маңынан ғалымдар, тіпті динозаврлардың қалдықтарын да тапқан.