21-24 ақпан аралығында Медеу биік таулы мұз айдынында жеке және командалық біріншілікте конькимен жүгіру спортынан ҚР Кубогы өтеді, оған республиканың әртүрлі өңірлерінен еліміздің мықты спортшылары қатысады. Жарыстарға байланысты Медеу биік таулы спорт кешенінде жаппай сырғанау 18-24 ақпан аралығында тоқтатылады.

Алдағы старт медальдары үшін республикалық маңызы бар 2 қаланың және елдің 7 өңірінің өкілдері таласады. 21-22 ақпанда Қазақстан Республикасы Кубогының финалдық кезеңі өтеді, ал 23-24 ақпанда командалық дисциплиналардан басталады.

Жарыс күндері Медеу биік таулы спорт кешеніне кіру тегін болады, ұйымдастырушылар болашақ чемпиондарды қолдауға шақырады.