Ет мейрамханасы

Мекеме етті жаны сүйетіндердің көңілінен шығатыны анық. Шеф-аспаз қаласаңыз шала пісіріп, қаласаңыз қарайғанша пісіріп, алуан түрлі, сапалы стейктерді әзірлеп береді. Мекеменің бір ерекшелігі, Сіз мұнда әлемнің түкпір-түкпірінен алынған еттен әзірленген тамақты жей аласыз. Оның арасында жергілікті ірі қараның етімен бірге, тіпті Жаңа Зеландиядан әкелінген сиыр еті, шөппен немесе дәнмен азықтанатын жануарлардың еті де бар. Әрине, негізгі тағамға қоса ұсынылатын гарнир де бейжай қалдырмайды.

Қайда тамақтанамыз