«Дареджани» мейрамханалар желісі

«Дареджани» мейрамханалар желісі

Грузияның бір бөлігі

Алматылықтар қашанда грузиндермен тығыз қарым-қатынаста болып келген. Оларды биік таулардың арасындағы өмір, қонақжайлылықты жоғары бағалаған ортақ дәстүрлер байланыстырып тұрады. Бұл мекеменің асханасында да, интерьерінде де, атмосферасында да нағыз Кавказға тән ерекшеліктер бірден көзге түседі. Мұнда бұрыннан келе жатқан дәстүрлер заманауи технологиялармен астасып жатыр. Грузиндердің ұлттық хачапуриі, жібектей хинкалдары, дәмі тіл үйірген кәуаптары, грузин шарабы — Ва-ах, нэткен рэсторан!