Республика сарайы – Қазақстанның басты және ірі концерт залдарының бірі. Алматы қаласының маңызды көрікті жері болып табылады. Сарай 1970 жылы салынған. Құрылыс жобасы өзінің сәулеттік және көркемдік жағынан ерекше болды. Ғимараттың кең залы қалалық және республикалық маңызы бар түрлі іс-шараларды өткізу үшін пайдаланылды: партиялық пленумдар, еңбек батырларына салтанатты құрмет көрсету, кәсіподақ және қоғамдық ұйымдардың отырыстары. Сонымен қатар, Республика сарайы елу жылға жуық танымал сахна алаңы болып табылады.

2008 жылғы 21 наурыздан бастап Алматы Республика сарайының мәртебесі: «Республикалық маңызы бар тарих, мәдениет, қала құрылысы және сәулет ескерткіші»,- деп ресми түрде аталды. Бүгінде Сарайдың көрермен залы 2567 көрермендерді сыйдырып, жергілікті әртістерді сондай-ақ әлемдік деңгейдегі жұлдыздарды да қабылдайды. Мұнда ғылыми конференциялар және фестивальдер өтеді. Кіші залда тренингтер, конгрестер және басқа да іс-шаралар өткізіледі. Сонымен қатар, Сарай алдындағы алаң жылдың кез-келген уақытында жаппай концерттік шоулар және мәдени іс-шаралар өткізу үшін пайдаланылады, бұл оны қаланың басты және әдемі алаңдарының біріне айналдырады.

Сондай-ақ қараңыз