«Halyk Arena» — мұз сарайы — Алматы қаласындағы спорт және мәдениет сарайы 2016 жылы 2017 жылғы қысқы Универсиада өткізу қарсаңында салынды. Ғимарат хоккей, мәнерлеп сырғанау және басқа да спорт түрлері бойынша спорттық іс-шараларды өткізуге арналған. Басты аренадағы мәрмәр салтанатты холл ең жоғары қауіпсіздікті қамтамасыз ететін заманауи автоматты өткізу жүйесімен жабдықталған.

Арена әлемдік стандарттарға толық сәйкес келуі үшін мұнда голдарды автоматты түрде тіркейтін спорт нысандарына арналған еуропалық аппаратура және ойын сәттерін талдауға арналған камералар орнатылды. Ғимараттың негізгі өзегі шайбалы хоккейге арналған, көлемі 61х30 метр, жалпы ауданы 20 000 шаршы метрден астам және сыйымдылығы 3000 көрерменге арналған арена болып табылады. Мұнда спортшылар, төрешілер, БАҚ өкілдерінің жұмыстары мен допинг-бақылау жүргізу үшін барлық қажетті жағдайлар жасалған. 

Арена хоккей корты спорттың көптеген ойын және жеке түрлері – волейбол, баскетбол, футзал, күрес, бокске арналған алаңға  айналуы мүмкін. Бұл жағдайда мұздың қорғалуын арнайы терможабын қамтамасыз етеді.

Кешеннің техникалық жабдықталуы ірі концерттік-ойын-сауық іс-шараларын өткізуге мүмкіндік береді. Кешен концерттер, мәдени-көпшілік іс-шаралар өткізуге арналған және ең заманауи жарық техникалық және дыбыстық жабдықтармен жабдықталған, жыл ішінде 150 мыңнан астам келушіні жіберуге қабілетті. Универсиада кезінде аренада хоккей бойынша жарыстар өтті. Кейіннен  «Halyk Arena» «Алматы» және «Айсұлу» хоккей клубтары үшін үй алаңына айналды. Сонымен қатар, демалыс күндері сырғанау мұз айдыны жаппай сырғанау үшін ашық. Балаларға, оқушыларға, студенттерге, сондай-ақ зейнеткерлерге коньки жеңілдікпен жалға беріледі.

«Halyk Arena» негізгі міндеттерінің бірі – жанкүйерлер үшін аса ірі әлемдік спорт ареналары сияқты матчты көруге қолайлы жағдай жасау. Ол үшін трибунның геометриясы да, олардың көлбеу бұрышы да, трибунаның аренаға барынша жақындығы да есептелінген. Осының арқасында, барлық көрермендер трибунның кез келген нүктесінен, оның ішінде төменгі және жоғарғы қабаттарды тамаша шолу мүмкіндігіне  ие болады.

Кешеннің көп функциялылығы аренаның көлемдік-жоспарлау құрылымы мұзды ойын және жеке спорт түрлерінің жарыстарын, сондай-ақ мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізуге өзгертуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, ареналар күнделікті жаттығу процесіне арналған спорт залдарымен және бассейнмен жабдықталған.

Сондай-ақ қараңыз