Алматы қаласының орталық стадионы — 10 гектардан астам аумақты алып жатқан бірегей спорт ғимараты. Стадионның сәулетшілері А. Кабанов пен А. Косов болды. 1955-1967 жылдары, бірінші кезекте 30 000 орынға арналған трибунасы бар үлкен спорттық арена салынған, жеңіл атлетикалық жолдар мен секторлар — 1958 жылдың тамыз айында  ашылды. Алдағы уақытта қысқы жаттығу манежі, спорт алаңдары салынды.

Орталық стадионның құрамына Үлкен арена (футбол алаңы, жүгіру жолдары, спорт секторлары), сондай – ақ мамандандырылған спорт залдары – бокс, күрес, семсерлесу залы, жасанды шөп көгалдары бар спорт алаңы кіреді. Сондай-ақ стадион базасында түрлі жоғары спорттық шеберлік мектептері орналасқан.

1975 жылы қосымша жабық спорт ғимараты — атлетикалық манеж салынды.

1997 жылы орталық стадионды қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. Қайта құру процесінде АҚШ-та 1996 жылғы Олимпиада ойындарын өткізу кезінде салынған Mondo итальяндық компаниясының жеңіл атлетикалық жүгіру жолдарының ең жаңа жабыны төселді.

2002 жылы Қазақстан УЕФА мүшелігіне қабылданды. Стадионды УЕФА стандарттарына келтіру үшін құрылысы үш жүз елу тоннадан асатын Батыс трибунаның үстінде металл қалқан салу, пластикалық орындықтарды ауыстыру, стадионның барлық инфрақұрылымын УЕФА-ның ең төменгі нормаларына келтіру бойынша жөндеу-құрылыс жұмыстары жүргізілді.

Орындалған іс-шаралар нәтижесінде стадион халықаралық ойындарды өткізу құқығына лицензия алды.

Жоспар бойынша эллипс тәрізді стадионның симметриялық үш қабатты көлемі, құрылыстың қызыл сызығынан едәуір шегініспен, кварталдың тереңдігінде орналасқан. Құрылыстың орталық осі солтүстікке бағытталған басты кіру есігімен ерекшеленеді. Бүйірлік кіру есіктері кешеннің бойлық және көлденең осьтері бойынша ұйымдастырылған. Аздап тереңдетілген монументалды діңмаңдайша, екі жағынан көлемді пилондармен қоршалған, төрт жағынан шаршы қима бөренелермен  ұсталып тұр.  Пилондардың осьтері бойынша гранит тастармен қапталған постаменттерде спорт тақырыбына мүсіндік композициялар орнатылған.

Алматы қаласының орталық стадионы қала тұрғындары мен қонақтары үшін спорт және денсаулық орталығы болып табылады. Стадионның мақсаты спорттық-бұқаралық және мәдени іс-шараларды, барлық деңгейдегі жарыстарды және оқу-жаттығу процестерін өткізу болып табылады.

Қазіргі уақытта Орталық стадион толық спорттық өмір кешуде. Оның базасында көптеген адам жаттығады. Бұл тек жоғары дәрежелі спортшылар ғана емес, сонымен қатар балалар спорт мектептері, колледждер, жоғары оқу орындарының студенттері.

Сондай-ақ қараңыз