Бүгінгі таңда оңтүстік астананың ең жас мешіттерінің бірі болып табылатын «Әл-Хамид» әдемі мешіті «Көк-Төбе» тауына жақын көркем жерде орналасқан.

Бес алтын күмбезі бар ашық-қоңыр түспен орындалған «Әл-Хамид» мешітінің ғимараты заманауи ислам стиліне сай келетін бірегей сәулетке ие. Мешіттің орталық кіреберісінде дәстүрлі ислам стилінде орындалған мұнара бой көтеріп тұр. Ол күніне бес рет азан шақырып, келушілерді намаз оқуға шақырады. Мешіттің бірегейлігі оның керемет архитектурасында, жарқыраған бай және әсерлі габаритінде ғана емес, жалпы мешіттің сыртқы және ішкі әрлеуі өзінің ұлылығы, әуені, салтанаттылығы, керемет өрнегімен және көлемді декорациясының тартымдылығында жатыр. 2 000 діншіл адамдарға арналған ғимарат үлкен, жарық және кең болып келеді. Онда үш үлкен бөлме бар: намаз өткізілетін орталық зал, екінші қабаттағы әйелдер үшін жеке намазхана және орталық залда болып жатқан оқиғаларды тұрақты түрде көрсететін заманауи экрандармен жабдықталған кең цоколь залы.

Мешіттің ішкі жабдығының ұлылығы мен сән-салтанатын белгілейтін декордың басты элементтерінің бірі Сауд Арабиясынан арнайы әкелінген хрустальді аспашам болып табылады. Алайда, мешіттің басты ерекшелігі —бұл мұсылман ғибадатханасында орналасқан кисва — Қағбаның қабырғалары сыртқы жағынан қапталған алтын жіптермен өрнектелген қара жібек матамен жабылған. Әрлеу мен өрнектеу сапасы мешіттің келушілерге деген шынайы сүйспеншілік пен аса қамқорлықпен салынғанын анық көрсетеді. Мешіт өзінің архитектурасы бойынша қайталанбас және ішкі әрлеуі бойынша таңқаларлық орын болып табылады. Өзінің алтын күмбездерімен белгілі «Әл-Хамид» мешіті Алматы қаласындағы ең танымал көрнекті ислам орындарының бірі атанды. Көптеген келушілер мешітке намаз оқу үшін ғана емес, сонымен қатар оның сәулетілігімен, керемет жабдықтарымен және исламның бес парызын сипаттайтын бес жарқыраған күмбездерін көріп-тамсану үшін келеді. Ұлы «Әл-Хамид» мешіті әлі күнге дейін көптеген туристер мен фотографтарды қызықтыратын орын. Ол Алматы қаласының басты көрнекті әшекейлерінің бірі болып табылады. «Әл-Хамид» мешіті әсіресе намазға 5000 адамға дейін келетін ислам мерекелері кезінде танымал.

Сондай-ақ қараңыз