Поэзия аллеясы

Поэзия аллеясы

2019 жылдың 6 желтоқсанында «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламасы аясында  Алматы қаласы, Жетісу ауданының Гүлдер саябағында Қазақстанда тұңғыш рет салынған «Поэзия аллеясы» әдеби-мәдени жобасының ашылу салтанаты өтті.
Салтанатты шараға шығармашылық зиялы қауымнан қонақтар шақырылды: Олжас Сүлейменов, Мұхтар Шаханов, Ұлықбек Есдәулет, Алтынбек Қоразбаев, Секен Тұрысбек, Бақытжамал Оспанова, Роза Кабиева. Іс-шара барысында Аллеяға Олас Сүлеймен, Мұхтар Шаханов ағаш отырғызды.
Жобаның мақсаты – қоғамдық сананы жаңғыртуға үлес қосу. Аллеяға «Кемелденудің жеті шеңбері» сахна түрінде салынған. «Кемелденудің жеті шеңбері» идеясы ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Шоқан Мұратханның философиялық шығармашылығынан алынды. Бұл аллеяның аумағында шығыс даналығы жазылған арба бар. Ол кітап алмасудың еркін бұрышы қызметін атқарады.
Поэзия аллеясы жобасының басты ерекшелігі – Жердегі адам жеті шеңбер деңгейінде өмір сүреді (жеті сана):
1. Отбасылық шеңбер;
2. Туысқандық шеңбер;
3. Рулық шеңбер;
4. Ұлттық шеңбер;
5. Діндік шеңбер;
6. Азаматтық шеңбер;
7. Жаратылыстық шеңбер. Адам баласы отбасылық, туысқандық, рулық, ұлттық, діндік шеңберде қалып қоймай, кемелденіп адамзаттық, жаратылыстық шеңберге шығуы керек.
Алдағы уақытта «Кемелденудің жеті шеңбері» сахнасында әдеби кештер, жазушылармен және ақындармен кездесулер және басқа да шығармашылық іс-шаралар өтеді.  Халықтың мәдениетін дамыту мен насихаттауға бағытталған философиялық дәрістер алып баралады.

Аллея идея авторы Мұратхан Шоқан басқаратын «Тұлға-достық» қоғамдық қорының демеушілігімен салынды.