Қалдаяқов-Мақатаев көшесіндегі үй

Үй Верный қаласы кезінде 1890 жылы салынған. Тапсырыс беруші – Қалалық Дума. Петербург стилінде орыс сәулетшісі П.Гурдэ жобасы бойынша салынған. Петербург стилі Верный қаласында Санкт-Петербург қаласының КСРО-да ғана емес, сонымен қатар көптеген еуропалық елдерде танымал болуына байланысты орын алды. Верный қаласының көптеген құрылыстарында тасқа қарағанда сыланған кірпіштен салынған, ақ ордерлік бөлшектер және түсті фонда орындалған ғимараттар басым болды. Училищені жобалау кезінде сәулетшімен сол кездегі оқу профилінің ғимараттары үшін міндетті барлық құрылыс нормалары ескерілді. Ол тас баспалдақтарды ағашпен ауыстыруға, сондай-ақ қабырғаларды екі түске бояуға: қабырғаның жоғарғы бөлігі ашық-жасыл, ал қабырғаның төменгі бөлігі – «ластануды болдырмау үшін» қара түсті болуы тиіс –деген талап қойған. Сонымен қатар, Гурдэ сыныптарды жақсы желдету мақсатында желдету құбырларын орнатуды ұсынды. Сондай-ақ, ғимараттың ағаш конструкцияларының ылғалдан бүлінуінен қорғау мақсатында ағаш ағызғыштарын темірге ауыстыру ұсынылды.

Сондай-ақ қараңыз