«Ғылым ордасы» музейі

«Ғылым ордасы» музейі

«Ғылым ордасы» — Қазақстан Ғылым Академиясының ғимаратында орналасқан Алматы қаласындағы ғылыми және мұражай орталығы.

2010 жылдың 11 ақпанында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бойынша Ғылым комитетінің басқаруындағы «Ғалымдар үйі» мен Орталық ғылыми кітапхананың қосылуы жолымен «Ғылым ордасы» мемлекеттік кәсіпорны құрылды. Ғылыми орталық Ұлттық Ғылым академиясы ғимараттарының кешенінде орналасты. Ғимаратта 377 орынды конференц-залы, 120 орынды кіші конференц-залы, 267 орынды концерт залы (Ғалымдар үйі) және Қысқы бақ бар. Сонымен қатар, осы ғимаратта Қ.И.Сәтбаевтың мемориалдық музейі де орналасқан. 2010 жылдың 1 маусымында музейлер мен жинақтамаларды сақтау, зерделеу және жан-жақты насихаттау, ғылыми, тарихи және мәдени мұраны кеңінен тарату және ғылыми-зерттеу мен мәдени ағарту жұмыстарын жүргізу мақсатында «Ғылым ордасы» орталығының басқаруына Қазақстан табиғаты музейі мен Қазақстан археологиясы музейі өтеді. Осы өкіммен екі жаңа музей — «Сирек кездесетін кітаптар музейі» және «Қазақстан ғылымының тарихы музейін» құру қарастырылған. 2012 жылы біріккен музей кешені қалпына келтіру жұмыстарынан кейін ашылады.

Жаңа ғылыми зерттеулер мен жобалар

«Ғылым ордасы» қызметкерлері басқа ғылыми ұйымдармен бірлесіп Білім және ғылым саласындағы дербес және үйлестірілген инновациялық ғылыми зерттеулер мен ғылыми-техникалық жобаларды әзірлеп, жүзеге асырады, кітапхана ісі жөніндегі жобаларды, ғылымның түрлі салаларында музейлер құру мен дамытуды ұйымдастырады, қызметтің стратегиялық салаларында халықаралық қатынастарды дамытады. Кешен құрамына келесілер кіреді: Археология музейі 1973 жылы Қазақстан Компартиясы ОК бірінші хатшысы Д.А.Қонаевтың жеке бастамасымен құрылды. Қазіргі уақытта музей еліміздің барлық аймақтарынан жетекші археологтардың тапқан заттарын қабылдай отырып, қорларды жинақтау жұмыстарын жалғастыруда. Қазақстан ғылымының тарихы музейі 2010 жылы құрылған. Музей экспозициясында Әбу Насыр әл-Фараби, Қожа Ахмет Яссауи, Мұхаммед Қашқари, Юсуф Баласағұн, Қадырғали Жалайыр, Мұхаммед Хайдар Дулати сияқты ортағасырлық ойшылдардың жұмыстары қамтылған. Табиғат және палеонтология музейі 1961 жылы ҚазКСР ҒА Зоология институтының 1932-1957 жылдары жиналған жинақтамасынан құрылған. Сирек кездесетін кітаптар музейі 2010 жылы құрылған. Сондай-ақ, Орталық ғылыми кітапхана 1932 жылы құрылған.