Республикалық спорттық және олимпиадалық даңқ музейі

Республикалық спорттық және олимпиадалық даңқ музейі

Спорттық және олимпиадалық даңқ музейі 1972 жылы Қазақ мемлекеттік дене шынықтыру институты кезінде құрылған. 1999 жылы Спорт және дене шынықтыру комитеті елордаға көшкеннен кейін музей бағбан Татариновтың үйіне көшіп келді. 

Музейде әлем, Еуропа чемпионаттарында, ірі халықаралық турнирлерде жеңіп алған қазақстандық спортшылардың кубоктары, медальдары, фотосуреттері және басқа да раритеттері экспонатталған.Музей экспозициясындағы орталық орын В.Жировтың Атлантадағы (АҚШ) Олимпиада ойындарында жеңіп алған және олимпиадалық циклдың үздік боксшысына берілетін Баркер кубогы үшін берілді. Қазіргі уақытта Баркер кубогы Қазақстан Президентінің музейінде сақталуда. Музей экспозициясының құрамында үш зал: «Тәуелсіз Қазақстан», «Әлем, Еуропа және Азия чемпиондары» және «салауатты өмір салты». Ғимарат XIX ғасырдың соңында салынған. Болжамдап айтсақ, сәулетшісі П.В.Гурдэ болды. Кейінірек үйдің оңтүстік және батыс жағынан жапсыра салынған үй-жайлар жасалды. Ғимарат әдебиетте жетім балалар үйінің директорының Қазыналық үйі ретінде көрсетіледі.  

1917 жылдан кейін ғимарат Денсаулық сақтау мекемелеріне бейімделген. Мұнда Алма-Ата санитарлық-эпидемиологиялық станциясы орналасқан. 

1986 жылы сәулетші В.М.Плисстің жобасы бойынша ғимаратты кешенді қалпына келтіру жүргізілді. 1992-1999 жылдар аралығында ғимаратта Қазақстанның Ұлттық Олимпиада комитеті орналасқан. Ғимарат мансардасы бар тянь-шань шыршасынан жасалған бір қабатты бөренелі қимадан тұрады және жоспарында тікбұрышты кескінді болады.  Ғимарат кірпіш цоколі мен тас іргетасында орнатылған. Қабырғалары сыланған және ақталған. Басты кіреберіс үлкен шығыңқы күнқағары бар қанатпен акценттелген.  Мансарданың шаршы көлемінде жабын темірмен жабылған  ағаш бөренелі құрылыстарына қолдау көрсететін төрт жағына сырғымалы шатыр және үй шатырындағы терезе бар. Құрылыс бүкіл периметрі бойынша жапсырма тақтайлардан жасалған көп профильді карнизді аяқтайды. 

Верный қаласының ағаш сәулет ескерткіші және көпестік қала құрылысының үлгісі болып табылады. 
2010 жылы 10 қарашада Алматы қаласының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің жаңа мемлекеттік тізімі бекітілді. Осы мәселе бойынша барлық алдыңғы шешімдердің күші жойылды деп танылады.