«Тәуелсіздік таңы» ескерткіші

«Тәуелсіздік таңы» ескерткіші

Қазақстан халқының еркіндігін, егемендігі мен тәуелсіздігін бейнелейтін «Тәуелсіздік таңы» ескерткіші 2006 жылы 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының жиырма жылдығы күнінде тұрғызылды. Қазақстан Республикасы халқының тәуелсіздігі мен ішкі дауысын алуға қуатты түрткі болды.   

  ХХ ғасырдың соңындағы Желтоқсан оқиғасына қатысушыларға арналған «Тәуелсіздік таңы» ескерткіші Сәтбаев және Желтоқсан көшелерінің қиылысында орналасқан. Ескерткіштің құрылыс орнын сәулетші кездейсоқ таңдап алған жоқ, өйткені Желтоқсан уақиғалары желтоқсан көшесінде орын алды. 

Ескерткіш үш бөліктен тұрады және бірінші кезекте өткен мен болашақ арасындағы қақтығысты, жарылысты, халықтың өзіндік сана-сезімінің сілкінісін, идеологиялық канондардың құлауын, мемлекет бостандығы мен тәуелсіздігінің салтанат құруын  бейнелейтін күрделі нысандағы екі пилонға назар аудартады.  

Композицияға үлкен мәнерлілік беру үшін ұшуға ұмсынған әйелдің мүсіні енгізілген. Ол оң қолында татулыққа шақыру нышаны іспетті орамал ұстаған. Ал сол қолында көктем мен оң өзгерістердің, жаңа өмірдің жаршысы, бостандыққа талпынысты ұшу белгісін білдіретін қанатын жайған құсты ұстап тұр.