Рок – музыкант Виктор Цой ескерткіші

Рок – музыкант Виктор Цой ескерткіші

Виктор Робертович Цой (1962-1990 жж.) — кеңес заманының рок-музыканты, әндердің авторы және суретші. «Кино» рок-тобының негізін қалаушысы  және көшбасшысы. Топ құрамының гитарада ойнаушысы, әндердің авторы болып табылады.

Бұдан басқа, бірнеше фильмдерге түскен. «Советский экран» журналының нұсқасы бойынша 1989 жылдың ең үздік актері.

1981 жылдың жазында Виктор Цой, Алексей Рыбин және Олег Валинский «Гарин және Гиперболоиды» тобын құрады. Бұл топ сол жылдың күзінде Ленинград рок-клубының мүшелігіне қабылданады.

Цоймен жазылған алғашқы әні «Мои друзья» болды.

Көп ұзамай Валинский әскерге шақырылады, ал топ, атауын «Кино» деп өзгертіп 1982 жылдың көктемінде дебюттік альбомды жазуға кірісті.

Жазба біршама таралды: топ туралы айтылып, Мәскеуде және Ленинградта пәтерлік концерттер басталады.  Зоопарк тобының болашақ барабаншысы Валерий Кирилловпен бірге осы жылдың күзінде «Кино»   тобы Андрей Кусковтың студиясында бірнеше ән жазады, оның ішінде «Неизвестные песни Виктора Цоя» жинағына енген «Весна» және «Последний герой» әндері болды. 

1988 жылдың көктемінде  альбомның  алғашқы түрі, ал қыста — «Звезда по имени Солнце» атты соңғы нұсқасы жазылады.  Оны  күзде шығаруды ұйғарады. Юрий Айзеншпис Виктор Цоймен танысып, ол 1989 жылдан бастап  «Кино» тобының продюсері атанады, концерттік турлар мен теледидардағы жиі өнер көрсетулерді ұйымдастырды, соның нәтижесінде топ бүкілодақтық танымалдыққа ие болады.

1989 жылдың басында «Кино» тобы алғаш рет Францияға барып, «Последний герой» альбомын шығарады. Жазда Виктор Юрий Каспарянмен АҚШ-на барады. Сол уақытта «Игла» кеңестік фильмдердің прокатында екінші орынға шығады, ал Одессада «Золотой Дюк»  кинофестивалінде  Виктор  Цойды  КСРО-ның үздік актері деп таниды.

1990 жылдың 24 маусымында Лужников үлкен спорт аренасында Мәскеуде «Кино»-ның  соңғы концерті өтеді. Бұл концертте, алғаш рет 80-ші Мәскеу Олимпиадасынан кейін олимпиадалық тостағанға от жағылды.

Осыдан кейін Каспарянмен Цой  Юрмала маңындағы  саяжайда оңашаланады, онда порто-студияға жаңа альбом үшін материал жаза бастайды. «Кино» тобының музыканттары жазған және берген бұл альбом Цой қайтыс болғаннан кейін 1991 жылдың қаңтарында шықты және мұқабаның тиісті безендірілген «Чёрный альбом» символдық атауын алды.  Цой әндері жастар арасында осы күнге дейін танымал. Цойдың өлімі  қайғылы қаза тапқан батырдың табынуын жасай отырып тіпті «Кино»-ның танымалдығына ықпал етті деп саналады. 

Монументті орнату 2017 жылы жоспарланды, алайда сол кезде оны жүзеге асыру мүмкін болмады. Бірақ қазір ескерткіш атақты Төлебаев көшесінде орналасқан, онда «Балкон» және «Игла», сондай-ақ «Районы» атты танымал фильмдердің түсірілімі өткен. 

planned back in 2017, but at that time it did not work out. But now the monument flaunts on the famous Tulebaev Street, where the cult films The Balcony and The Needle, as well as The Regions were shot.