Бауыржан Момышұлы ескерткіші

Бауыржан Момышұлы ескерткіші

Бауыржан Момышұлы (1910-1982 жж.) – Кеңес Одағының Батыры, отставкадағы полковник, Ұлы Отан соғысының ардагері. И.В.Панфилов басқарған 316-ші (8-ші гвардиялық) атқыштар дивизиясының құрамында соғысты. «Біздің семья» (Абай атындағы Мемлекеттік сыйлық, 1976 ж.), «Төлеген Тоқтаров», «Генерал Панфилов» (1963 ж.), «Мәскеу  үшін шайқас» (1958 ж.) шығармаларының авторы. Режиссер М.С.Бегалин «Мәскеу  үшін шайқас» шығармасының уәжі бойынша «Қазақфильм» киностудиясында фильм түсірген.

Ұлы Отан соғысы басталғаннан кейін округте генерал майор И.В.Панфилов басқарған 316-ші атқыштар дивизиясы құрыла бастағанда, маусым айының соңында аға лейтенант Б.Момышұлы 1073-ші Талғар атқыштар полкінің батальон командирі болып тағайындалды. Алма-Ата қаласында қалыптасу аяқталғаннан кейін тамыз айының соңында дивизиямен майданға кетті. 1941 жылдың қыркүйегінде дивизиямен бірге 52-ші жеке әскерге беріліп, Малая Вишерада қорғаныс шебін салды.  

Мәскеу үшін шайқастың басталуына байланысты, 5 қазанда 316-ші атқыштар дивизиясы дабыл бойынша жиналып, шұғыл түрде Волоколамск бағытына жіберілді, оған оның алғашқы эшелондары 10 қазанда келе бастады. Батыс майданының 16-ші армиясының құрамында 316-ші атқыштар дивизиясы панфиловшылардың есімімен тарихқа кіріп, қорғанысын тайсалмай ұстап тұрды. Мәскеуді қорғау кезінде аға лейтенант Момышұлы 27-і ұрысқа қатысты.

1941 жылдың 8 қарашасындағы КСРО Қорғаныс Халық Комиссарының бұйрығымен жеке құрамның теңдесі жоқ батырлығы мен жаппай ерлік көрсеткені үшін дивизияға гвардиялық атақ берілді және ол 8-ші гвардиялық атқыштар дивизиясының атауын алды, ал Бауыржан Момышұлы соғысқан 1073-ші атқыштар полкі 19-шы гвардиялық атқыштар полкі болды.

1941 жылдың 16-18 қарашасы аралығында Мәскеуге вермахттың екінші басты шабуылы кезінде аға лейтенант Бауыржан Момышұлының батальоны дивизиядан қол үзіп Матрёнино ауылының маңындағы Волоколамск тас жолында ерлікпен шайқасты. Білікті комбаттың басшылығы 3 күн бойы немістерді осы шепте ұстауға мүмкіндік берді. Одан кейін аға лейтенант Момышұлы батальонды ұрысқа қабілетті жағдайда қоршаудан алып шығарды. 

Бауыржан Момышұлы басқарған батальонның ерлік жолы Александр Бектің «Волоколамское шоссе» көркем-тарихи кітабында сипатталған. Бауыржан Момышұлының ауыр шайқаста командирлік қабілеттері байқалып, қараша айының соңында 16 әскердің командирі К.К.Рокоссовскиймен полк командирі болып тағайындалды. 

28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақта Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлына ескерткіш ашылды. Ескерткіш Н.Далбай мен Р.Сатыбалдиев мүсіншілерімен тұрғызылған. Б.Момышұлының мүсіні қоладан жасалып, гранит тұғырында орнатылды. Ескерткіштің биіктігі 6 метр.Ескерткіш 2010 жылы Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлының 100 жылдығына арналып орнатылған.