Ойын-сауық

Antalya pool

Antalya – бүкіл отбасы үшін арналған керемет демалыс орны! Қала орталығынан 10 минуттық жерде шезлонгтары бар жазғы бассейнде демалыңыз. Жылыту жүйесі бар бассейндер – сіз балалардың денсаулығы үшін қорықпайсыз, ал ересектер балқарағай моншасында демала алады. Сондай-ақ мұнда тамақтануға да болады – шығыс және еуропалық тағамдар молшылығымен таң қалдырады, ал ең кішкентайлар үшін балалар мәзірі бар.

Almaty Resort Pool

Емдік-сауықтыру кешені өз қонақтарына жайлы нөмірлер, дәмханалар, SPA капсулалар, бассейндер және тұз шахтасын ұсынады.

Коньки тебу

Конькиге деген сүйіспеншілік Коньки тебу барша алматылықтардың сүйікті қысқы ойын-сауығы. Мұндағы «қысқы» деген сөз тек шартты түрде ғана. Розыбақиев көшесіндегі Mega сауда орталығының мұз айдыны, тіпті жазда да ашық болады. Ол қалалықтарға бабын жоғалтпай, жаздың 30 градусқа дейінгі аптап ыстығында да мұз айдынында сайран салу мүмкіндігін береді! Алматылықтар мұз айдынына жұбымен, отбасымен, достарымен немесе жалғыз […]

«Ғұндар» этно-ауылы

«Ғұндар» этно-ауылы Алматы қаласынан 35 км жерде, Новокаменный шатқалында орналасқан. Демалыс базасын  өткенге, көшпенділер әлеміне апаратын және олардың өмірі мен әдет-ғұрыптары туралы көбірек білуге көмектесетін уақыт машинасы деп атауға болады. Этноауылда жайлы және қызықты уақыт өткізу үшін барлық жағдай жасалған, онда жергілікті киіз үйлер, хостел, дәстүрлі тағамдары бар асхана, серуендеуге арналған кең аумақ бар. Мұнда […]

Garden pool

Аумағында: ересектер-тереңдігі 165 см, балалар-тереңдігі 1 метрді құрайтын 2 бассейн; сәкі, грузин және еуропалық тағамдар, душ, киім ауыстыратын бөлмелер, шатыр астындағы алаң және шезлонгтар бар.

Delight Pool Dayclub

Delight Pool Dayclub қала орталығында (Горький саябағының оңтүстік бөлігі) орналасқан, бірақ, аумақ тығыз өскен өсімдіктермен оқшауланған. Клубтың жалпы ауданы-4300 шаршы метр, бассейннің ауданы-1200 шаршы метр. Қолжетімді: жеке кештерге арналған vip-аймақтар, тегін автотұрақ, душ, киім ауыстыратын кабиналар, жаңа сүлгілер, шатырлар, шезлонгтар және жұмсақ жастықтар. Жиын-кештер күн сайын (жұмыс күндерін қоса) өткізіледі. Музыка-Delight клубының резиденттері мен шақырылған […]

MarcO’Polo

Демалыс аймағында тереңдігі 1,50 – 1,80м құрайтын ортақ бассейн бар; Тереңдігі 0,5 м балалар бассейні. Сонымен қатар, демалыс аймағы қонақтарға бунгало, ыңғайлы кереуеттер және шезлонг ұсынады.

Heaven Chillout Pool

Бассейннің аумағында тері мен тыныс алу жүйесіне пайдалы қасиеттері көп тұзды сауна жұмыс істейді. Бассейн өлшемі: 22м x 10м; тереңдігі 1,6 метрден басталып, 2,8 метрге жетеді. Бассейн 3 жолаққа бөлінген.