Мәдениет

Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры

МАОБТ 1934 жылы қалалық музыка студиясының негізінде құрылды. Оның алғашқы композиторы — Қазақстан ұлттық операсының негізін қалаушы Евгений Брусиловский болды. Академиялық МАОБТ мәртебесін 1941 жылы алды, ал Абайдың құрметіне оны 1945 жылы атады. Театр ғимараты сәулетшілер Н. Простаков және Н.Кругловтың жобасы бойынша 1936 жылы салынды. Интерьерді безендіруде дәстүрлі монументалды, сондай-ақ қазақтың ұлттық элементтері қолданылған. Театрдың […]

Ахмет Байтұрсынов музей-үйі

1934-1937 жылдары Зубовтың үйінде Ахмет Байтұрсынұлы отбасымен бірге тұрған. Алаш Орда қайраткері ақталғаннан кейін 1988 жылы үй тарих және сәулет ескерткіші болып танылып, 1993 жылы мемориалдық музей-үй ашылды. ХХ ғасырдағы ұлы реформатор, қоғам және мемлекет қайраткері, лингвист ғалым, Қазақ филология ғылымының негізін қалаушы, ақын-аудармашы, түркітанушы Ахмет Байтұрсынұлының музей-үйі. Музей-үйі төрт бөлмеден және бір бөлмелі жертөледен […]

Қонаев музейі 

Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев музейі Алматы қаласындағы, демек, Қазақстандағы халық ең көп баратын музейлердің бірі болып табылады. Музей жұмысының мақсаты және міндеті – Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаев туралы естеліктеді мұқият сақтау.Музейдің негізі – Д.А. Қонаевтың дүниеге келген сәтінен бастап өмірінің соңына дейін көрнекті мемлекет қайраткерінің өмірімен байланысты,  Қазақстан тарихының тұтас кезеңі туралы баяндайтын түпнұсқа құжаттар, материалдар, жеке […]

Д. А. Қонаевтың музей үйі

Дінмұхамед Ахметұлының жеке басына қызығушылықтың артуының бір себебі, оның 100 жылдық мерейтойы қарсаңында, өзі тұрған үйде 2012 жылдың қаңтарында мемориалдық пәтер-музейдің ашылуы болды. Мұнда келушілер осы ұлы тұлғаның екінші қырымен өмірімен және тұрмысымен таныса алады. Көптеген кәдесыйлар және түрлі бағалы сыйлықтар оның болған қалаларын және елдерін растайды, әрине,оның  кездестірген, жұмыс істеген және дос болған адамдары […]

Терренкур

«Денсаулық жолы» Терренкур – 1974 жылы салынған, Тәттімбет көшесі мен Достық даңғылына параллель орналасқан Алматы «денсаулық жолы». Терренкур Алматының шығыс бөлігінде орналасқан және қала орталығынан тау етегіне қарай ығысқан. Терренкурдың ұзындығы – 4,5 шақырым, оның ең биік нүктесі – 1060 метр, ал төменгі жағы – теңіз деңгейінен 876 метр биіктікте. Терренкур жүгіру, серуендеу немесе велосипедтен […]

Алматы музейі

Алматы музейі 2002 жылы құрылған, бұрынғы Верный балалар үйінің ғимаратында орналасқан. 11 залда Алматы қаласының тұтастай тарихы сақталған: сіз мұнда келу арқылы оңтүстік астананың әр кезеңдегі тарихымен таныса аласыз: «Ежелгі Алматы тарихы», «Ортағасырлық Алматы тарихы», «Қазақ мемлекеттілігінің бастауында», «Алматы қаласының Верный кезеңі», «ХХ ғ. Алматы» және т.б. Музей қорында 35 мыңнан астам экспонат бар. Олардың […]

Тұнғыш Президент саябағы

Қаладағы ең үлкен саябақ Саябақ жасыл желекпен көмкерілген 73 гектар аумақты қамтиды. 11 мыңнан астам ағаштар мен бұталар, гүлдер мен шөптердің сан алуан түрін осы жерде кездестіресіз. Дәстүрлі емен аллеялары, экзотикалық «Жапон бағы», гүлзарлар, пикник ұйымдастыруға болатын көгалдар саябақты қалалықтардың сүйікті демалыс орындарының біріне айналдырған. «Алматы — гүлдер қаласы», «Қуыршақтар карнавалы», «Алма фестивалі» секілді шаралар […]

Көк Төбе

Қаланың сүйікті символы «Көктөбе» саябағы — отбасымен серуендейтін, ғашықтардың кездесетін сүйікті әрі ең танымал орындарының бірі. Саябақ Көктөбе тауында, теңіз деңгейінен 1100 метр биіктікте орналасқан. Оған қаланың орталығынан көлікпен 10 минутта жетуге болады. Бірақ оған көпке танымал арқанжолмен көтеріліп, қала мен тау сұлулығының ерекше үйлесімін тамашалаудан ләззат алуға не жетсін?! Таудың төбесінен тек қала суреттерін […]

Д.А.Қонаев ескерткіші

Қазақстанның мемлекеттік және саяси қайраткеріне Социалистік Еңбек Ері Дінмұхамед Ахмедұлы Қонаевқа (1912-1993 жж.) 1978 жылы Бөгенбай батыр және Қонаев көшелерінің қиылысындағы саябақта ескерткіш-мүсін орнатылды. Мүсінші Т.С.Досмагамбетовтің үлгісі бойынша орындалған Д.А.Қонаевтың қола мүсіні жылтыратылған граниттен жасалған тұғырға орнатылды (ескерткіштің сәулетшілері А.К.Капанов, Ш.Е.Валиханов, И.Я.Токарь, В.Б.Дмитриевский болды). Тұғырдың бет жағында: «Қонаев Дінмұхамед Ахмедұлы. Екі Мәрте Социалистік Еңбек Ері» […]

Абай Құнанбаев ескерткіші

1960 жылы Алма-Ата қаласындағы Абай атындағы алаңда Абай Құнанбаевқа ескерткіш орнатылды. Авторлары ретінде мүсінші Х.И.Наурызбаев және сәулетші И.И.Белоцерковский атанды. Ескерткіштің жалпы биіктігі — 13 м. Мүсін қоладан құйылған. Тұғырдың пішіні — трапеция тәрізді, қызыл граниттен жасалған. Абай бейнесі — қозғалыста берілген. Сол қолына кітабын қысып ұстап, ал оң қолында иығына жамылған өңірі ашық желбегей шапанның […]

Археология мұражайы

Археология мұражайы – Қазақстан Ғылым академиясының мәдени бөлімшесі. Мұражай «Ғылым ордасы» ғылыми-мұражай кешенінде орналасқан. Ол Қазақстан Республикасының аумағындағы жалғыз түрі болып табылады.

Алматы қаласының тарихы музейі

Бауырмал ғимарат Алматылықтардың өз қаласын сүйгені соншалық, оған арнап жеке музей де салып алған! Музейдің бір кездері Верный балалар баспанасы болған ғимараты, оңтүстік астананың ежелгі замандардан күні бүгінге дейінгі тарихынан сыр шертетін алуан түрлі экспонаттары келушілердің бәріне бірдей қызық. Әрі музейдің альпинизм, бейбітшілік және келісім, қаланың ұлт лидерімен қатынастары тақырыптарына арналған залдары да есігін ашып […]