Көрнекті орындар

Алматы қаласының «Метрополитен» КМК

Алматы қаласының «Метрополитен» КМК Алматы метрополитені-Алматыдағы көшеден тыс жүрдек рельсті көлік жүйесі. Орталық Азиядағы (Ташкенттен кейін) екінші, Қазақстандағы алғашқы және жалғыз, бұрынғы КСРО аумағында он алтыншы және соңғы (2019 жылғы мамыр) метрополитен 2011 жылғы 1 желтоқсанда ашылды.   Бірінші күні, 2011 жылы 1 желтоқсанда 6 сағат ішінде метрополитен қызметін 11 мың жолаушы пайдаланды. Алғашқы 3,5 […]

«Көшпенділер» қаласы

Тым реалистік декорация Бұл қала 2005 жылы көрерменге жол тартқан «Көшпенділер» фильмін түсіру үшін арнайы салынған. Қала адам қолынан туған туынды болғанмен, оның айналадағы пейзажбен біте қайнасып, барынша үндесіп тұрғанын көріп жаға ұстайсыз. Қазір бұл қалашықты «Көшпенділер қамалы» деп жиі атайды. Жыл сайын мұнда туристер ағылады. Өалашық Іле өзенінің жағасында, Қапшағай қаласынан 30 шақырымдай жерде […]

Панфилов жаяу жүргіншілер көшесі

Тарихи анықтама Панфилов көшесі 19 ғасырдың екінші жартысында Верный қаласының орталығы солтүстіктен оңтүстікке қарай кесіп өтетін меридиональді ретінде құрылды, онда әскери собор, артиллериялық казармалар орналасқан, ұсақ шенеуніктер, саудагерлер, бай қолөнершілер қоныстанған. Көше орталыққа жанасатын екінші дәрежелі болып саналған, онда қалалық ақсүйектер тұрған.  Кеңес жылдары көше күрделі жөндеуден өтіп, абаттандырылды, қарағаш және терек сияқты, ағаштардың жапырақты […]

Республика алаңы

Республика алаңы — Алматы қаласында, Достық даңғылы мен Желтоқсан көшесінің арасында орналасқан. Тарих анықтамасы Алаң 1975 жылы ашылды, ал 1980 жылы Қазақстан астанасының басты алаңы ретінде ресми түрде ашылды және көпшілік көрсетілімдер, салтанаттар, мерекелер, әскери шерулер, халықтық серуендер өткізілетін орын болып табылды. Бұл қаладағы ең үлкен алаң, ұзындығы 580 метр және ең кең бөлігінде 210 […]

Қызыл таң маталар үйі

Верныйдың классикалық ғимараты Бұл ғимарат ХІХ ғасырдың орталарына тән сәулет өнерінің тамаша үлгілерінің бірі болып табылады. Сәулетшісі — сол дәуірдің көптеген қалалық ғимараттарын жобалаған белгілі архитектор П.В. Гурде. Ол Маталар үйі ғимаратын жаңа орыс әдісінде жобалады. Оюмен әшекейленген терезе қащқпақтары, ғимарат қасбетінің симметриялық қасбеті, қабыршақты жабындысы бар күмбез, нақыштар ойылған ернеулер соны көрсетеді. Үй сиқырлы […]

Атакент

Жайбарақат серуендейтін жер Атакент іскерлік ынтымақтастық орталығының аумағында таңнан кеш батқанға дейін серуендеуге болады. Жағымды саябақ, балалар алаңдары, субұрқақтар, аквапарк, батут саябағы, мейрамханалар, Atakent Mall және «Галерея» сауда орталықтары, Қарқара базары — Атакентті тек бизнес орталығы ғана емес, қалағанша қыдыруға болатын кешенге айналдырды. Тарихи анықтама Атакентті қалалықтар «Көрме» деп те жиі атайды. Гәптің бәрі ғимараттың […]

Арасан моншасы

Қалалықтардың сүйікті «курорты» Арасан қатардағы моншалардың бірі емес, ол қала тарихының маңызды бөлігін бүгіп жатыр. 1984 жылдан бері республикалық маңызы бар ескерткіш қатарына қосылған монша кешені күніне 2,5 мың адамға дейін қабылдай алады. Кешен 12 павильоннан тұрады. Жалпы, бір уақытта кешенге 230 әйел және 270 ер адам сыяды. Кешеннің ішкі сипаты Монша ғимаратының қасбеті таңғажайып […]

Арбат

Тарихи анықтама ХІХ ғасырдың орталарында-ақ бұл көше сол кездері Верный аталған қала өмірінің маңызды бөлігіне айналды. Кеңестік кезеңде жастардың сүйікті мекені, қала өміріндегі барлық айтулы оқиғалардың орталығы, қалалықтардың демалыс күндері серуендейтін сүйікті мекені болды. Панфилов көшесінің жаяужол аймағына айналдырылуы Арбатқа екінші өмір сыйлады деуге болады. Тіпті қыстың аязды күндерінде де Арбаттан адамдардың қадамы үзілмейді. Мұнда […]

Орталық демалыс паркі

Қалалықтардың сүйікті демалыс орны Орталық демалыс паркі — Алматының басты саябағы. Аттракциондар, аквапарк, дельфинарий, динопарк, қайықтар, т.б. қаласаңыз да, қаламасаңыз да мұнда келген соң бірден көңіліңіз көтеріліп кетеді. Орталық көлдің ортасындағы аралға салынған салтанатты мейрамханаға қайықпен жүзіп баруға болады немесе селдір көпірмен жаяу жетуге болады. Алуан түрлі күш өлшегіштер, тир, фокусшылар, аквагрим суретшілері — мұнда […]

Ботаникалық бақ

Жолдың бәрі баққа апарады Қаланың орталығынан шықпай-ақ жабайы табиғат құшағына енгіңіз келе ме? Онда қозғалыс толастамайтын Тимирязев көшесінің жағасында орналасқан баққа келіңіз. 108 гектар аумақты алып жатқан бақта шыршалы-қарағайлы орман да, еменді-қайыңды аллеялар да, бөртегүл қопалары, тағы басқа да әлемнің түкпір-түкпірінен әкелінген өсімдіктердің небір алуан түрлері бар. Егер жолыңыз болса, ойнақ салған тиіндер, үріккіш қырғауылдар, […]

Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры

Тарихи анықтама Театр 1933 жылы Қазақ АКСР Халық ағарту комиссариатының бұйрығымен құрылған. Театр ғимаратының құрылысы 1936 жылы басталып, 1941 жылы аяқталды. Ғимараттың сәулеткерлік шешімінде кеңес үкіметінің билік құрып тұрғанына қарамастан, ұлттық колориттің қолданылғаны таң қалдырады. Екінші Дүниежүзілік соғыс кезінде КСРО-ның бүкіл театр және кинематография элитасы осында эвакуацияланды. Сергей Эйзенштейннің «Иван Грозныйы» осында түсірілді, атақты прима […]

Тәуелсіздік монументі

Тәуелсіздік монументі Зәулім монумент 16 желтоқсан — Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арнап, егемендіктің бес жылдығына орай тұрғызылған. Ескерткіш алматылықтар «жаңа алаң» деп атап кеткен Астана алаңының шетінде орналасқан. Ұлттық егемендік символын салу бастамасы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың төл идеясы болды. Монументтің авторлары: шығармашылық ұжымның басшысы Шота Уәлиханов, мүсіншілер: Әділет Жұмабаев, Нұрлан Далбай, сәулеткері Қазыбек […]