Ерекше сәулет жобасы

Ғарыш кемесі, дәстүрлі қазақ киіз үйі ме немесе шапито циркінің шатыры ма? Бұл ғимарат кезінде қаланың визит карточкаларының бірі болған, қазіргі күні де алматылықтар оның жанында серуендегенді және сүйікті циркінің орындықтарында шуақты күндерден ләззат алғанды жақсы көреді. Ғимарат 1972 жылы ҚазКСР ОК бірінші хатшысы Дінмұхамед Қонаевтың бастамасымен салынған, оның жобасын Украинадан арнайы шақырылған сәулетшілер Кацев және Слонов әзірлеген.

Кәсіби шабандоздар

Қазақ мемлекеттік циркінде дарынды жандар көп, бірақ оны әлемге паш еткен цирк шабандоздарын даярлау мектебі. Шабандоздық – шауып бара жатқан ат үстінде орындалатын акробатикалық нөмірлер, трюктер және пластика. Цирк өнерінің бұл түрін әлемнің көптеген елдері игеруге тырысты, бірақ әзірге біздің әртістеріміз ең жақсы шабандоз болып қала береді. Біздің цирктің визит карточкасы – шауып бара жатқан аттан секірген шабандоз шабуын тоқтатпаған аттың аяқтарының арасынан өтіп, қайтадан ер-тоқымға шығып мінетін нөмір.

Әлемдік фестивальдер жүлдегерлері

Қазақ мемлекеттік циркінің әртістері әлемдік жетекші фестивальдерде бірнеше рет жүлделі орындарға ие болды. Мысалы, әуе гимнасты Дархан Қамбышев жыл бойы Парижде, Гренобльде және Мәскеуде өткен халықаралық цирк өнері фестивальдерінде басты марапаттарға ие болды, ал әртістер Әлиевтердің «Ақ құстар» атты әуедегі ұшуы Франциядағы халықаралық цирк фестивалінің Гран-Приін жеңіп алды.

Сондай-ақ қараңыз