«Медеу» — теңіз деңгейінен 1691 метр биіктікте, Қазақстанның «оңтүстік астанасы» – Алматы қаласының маңында, «Шымбұлақ» тау курортынан сәл төменірек, Медеу шатқалында орналасқан биік таудағы спорт кешені.
«Медеу» — жасанды мұз алаңының ең үлкен ауданы — 10,5 мың м2 құрайтын қысқы спорт түрлеріне арналған әлемдегі ең ірі биік таудағы кешен. Биік тау және мұз құю үшін таза тау суы конькимен жүгіру спортының жоғары нәтижелеріне жетуге мүмкіндік береді, барлық уақыт ішінде ерлер мен әйелдер арасындағы барлық қашықтықтарда 200-ден астам әлемдік рекордтар орнатылды. Алматы мұз айдыны «рекордтар фабрикасы» деген атауға ие болды. Республикалық маңызы бар қала құрылысы және сәулет өнерінің Мемлекеттік ескерткіші болып табылады.
Бастапқыда «Медеу» құрылысы 1949 жылдың күзінде басталды, ал алғашқы ресми Бүкілодақтық жарыстар 1951 жылдың 4-5 ақпаны аралығында өтті. 1951-1970 жылдар аралығында болашақ спорт кешенінің орнында табиғи мұз айдыны жұмыс істеді. 1970 жылдары жасанды мұзы бар биік таудағы спорт кешенін салу шешімі қабылданды. «Медеу» мұз айдынының құрылысы екпінді комсомол құрылысы деп жарияланды, оған 1300-ден астам адам қатысты.
1972 жылы оның орнында жасанды мұзы бар биік таудағы спорт кешені салынды. 1972 жылдың 28 желтоқсанында мұз айдынының салтанатты ашылуы өтті. Стадион мен трибуналар бетоннан салынды. Бұл аймақтың жоғары сейсмикалығы өзінің түзетулерін енгізді — құрылмасы тұрақты қасбеті бар тұтасқұймадан жасалынған.
Көп қабатты жабың алаңы 20 атаулы материалдардан тұрады. Оны тоңазытушысы бар 170 км құбыр салынған темірбетон тақтасы аяқтап тұр. Тоңазытқыш қондырғылардың қуаты 6,5 млн ккал/сағ құрайды және мұзды жылына 8 ай, ал конькимен жүгіру жолдарын жыл бойы сақтауға мүмкіндік берді. Мұз алаңын жарықтандыру үшін 8 тұғырға 1600 прожектор орнатылды. Құрылыстан кейін трибуналарда отыратын орын саны 12,5 мың орынды құрады.
Биік таудауғы «Медеу» мұз айдыны Алматы қаласы тұрғындарының және оның қонақтарының демалуы мен көңілін көтеру үшін ең сүйікті орын болып табылады. Мұз айдынына сырғанау маусымында күн сайын екі мыңнан астам адам келеді.
Жазғы маусымда биік таудағы «Медеу» мұз айдыны роликтерде, скейтбордтарда, гироскутерлерде сырғанау үшін, сондай-ақ жеңіл атлетшілердің жаттығу орнына айналады.