Alt
Саябақтар
көш. Саина
07:00 - 23:00

300-ден астам мұздығының салқын самалы сезілетін Іле Алатауының қар басқан жоталарының аясында, Навои көшесі мен Әл-Фараби даңғылының қиылысында Тұңғыш Президент Саябағы орналасқан.                                                

Өзінің «әнші» бұрқағымен, гүлдерімен, төселген кілемімен және ТМД елдерінің әр түкпірінен әкелінген көптеген ағаштарымен әйгілі Тұңғыш Президент Саябағы тек қана алматылықтардың емес, сонымен қатар, қала қонақтарының сүйікті демалыс орнына айналды. Сонау 2001-ші жылы дендрарий (орман тәлімбағы) ретінде салынып, табиғи ландшафтты заманауи технологиялармен үйлестіруге бағытталған саябақ 9 жылдан кейін ашылды.  

Мың әсерлі көмескі жарығы бар әнші бұрқақ кешкісін музыкалды шоуыменға желіктіреді. Сағат 18.00-ден бастап жабылғанға дейін су классикалық музыканың ырғағымен билейді. Әсер ететін көрініс. Өкінішке орай, саябаққа келушілер тек қана әнші бұрқақтың жанында қыдырады, ал әрі қарай одан да қызықты табиғат көріністері бар.

73 га жерде қазақ жерінің барлық өсімдігі өсетін «Жеті қазына» бағы; шолу алаңы және серуен құратын күркелер; азия стилінде орындалған жапон бағы және топиарлы бақ –  ағаштар мен бұталар мәнерлі композициямен қырқылған жаңа көрнекті орын орналасқан. Бүкіл ТМД елдерінен әкелінген өсімдік бір-бірінің жанында жақсы тамыр тартқан. Таң қалдырарлығы, бұнда Солтүстік Қазақстаннан әкелінген құрғақшылыққа төзімді бұталар өсіп шықты. Бұдан басқа, саябақ салауатты өмір сүрушілер мен спортшыларға ыңғайлы. Бұнда күн сайын желістер, веложарыстар мен марафондар өткізіледі, және спорттық алаңдар бар.  

Жазғы уақытта саябақ сағат 5.00-22.00 аралығында, ал қыс уақытында 09.00-22.00 аралығында ашық. Саябаққа серуенге барсаңыз, өзіңізбен бірге жеңіл тамақ пен су алыңыз, өйткені жақын маңда дүкен таба алмайсыз. Күн тиюден сақтану үшін жазғы ыстық күндері бас киімсіз саябақта қыдырмаңыз. Фотоаппарат алуды ұмытпаңыз – жергілікті табиғат көрінісі сіздерге көп жылдар бойы естелік болатын тамаша фотосуреттер сыйлайды. Достарыңызбен не туысқандарыңызбен қайда серуендегіңіз келетінін білмесеңіз бұндағы жаппа күркелер туысқандарыңыз бен жақындарыңыздың ортасында жайлы сауық өткізетін орын. Сондықтан дәмді тағам алып, алға!

Қызықты деректер

- ҚР 20 жылдығының қарсаңында екі қанатын екі астананың - Астана мен Алматының (еліміздің оңтүстік астанысының) үстінен жайған бүркіт пішініндегі «Қазақстан» атты монумент орнатылды. Мүсіндік композицияның басты мағынасы Қазақстанның Алғашқы Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың мүсіндік портреті болып табылады.

Қызықты деректер

- Саяжолдадың бірінде ҚР президенті отырғызған әдемі үлкен емен ағашы бар.

- Жергілікті Жапон бағында күнбелікті қалалық таусылмайтын шаруалардан тынығып, абыржуыңыз сейіледі. Жапон стиліндегі тоғандар, орындықтар мен көше шамдары сіздерді көтерілген күн еліне виртуалдық саяхатқа ауыстырады. Көріністің толықтығы үшін бұл жерде жапон шие ағашы мен үйеңкі, сакура мен ағаш тәрізді сәлдегүлдер отырғызылған.                                                                                               

- Ғашықтар саябағында жас жұбайлар кереге көз қабырғаға құлып іліп, өздерінің сезімдерін куәландырады.

- Жыл сайын саябақта екі мейрам өткізіледі – «Алматы – Гүл қала» және «Apple Fest» фестивальдары. 

Қалай баруға болады 

Паркке бару үшін қоғамдық көлік пайдаланған ыңғайлы. Ол жерге №15, №28, №63, №67, №98, №121, №135 автобустарымен баруға болады. Егер де жеке автокөлікпен барсаңыз, жақын жерде ақылы автокөлік қоятын орын бар. Жаяу жүргіншілер Үлкен Алматы өзенінің бойымен қыдырып, немесе мобильді картаның көмегімен қызықты бағдар жасауына болады.