ТЕЛЕВИЗИЯЛЫҚ МҰНАРА (РАДИОТЕЛЕВИЗИЯЛЫҚ ТАРАТУ СТАНЦИЯСЫ)

  • Басты бет
  • /
  • ТЕЛЕВИЗИЯЛЫҚ МҰНАРА (РАДИОТЕЛЕВИЗИЯЛЫҚ ТАРАТУ СТАНЦИЯСЫ)
 telebashnya_koktobe
Сәулет

1958 жылдың 16 қыркүйек күні қазақ телевидениесінің алғашқы сынамалық бағдарламасы эфирге шықты.

Ғимарат және биіктігі 155 м тарату мачтасының орыны болып Сәтпаев және Желтоқсан көшелерінің қиылысындағы қаланың сол кездегі ең биік жері (теңіз деңгейінен 853-860 метр биіктіктегі) таңдап алынды. Жаңа телевизиялық мұнараның құрылысы 1975 жылы басталып, 1983 жылы аяқталды. Жоба авторлары сәулетшілер Н. Терзиев, А. Савченко мен конструкторлар Н. Акимов, Б. Остроумов болды. Мұнараны орнатуға Көктөбенің оңтүстік-батыс жақ бөктеріндегі 1000 метр биіктіктегі жер таңдалды. Күннің көзіне жалтылдап тұратын, биіктігі 124 метр шпиль қаланың ең айқын доминаттарының бірі, заманауи мегаполистің нышаны болды. Құрылыстың жалпы биіктігі 372 метрге дейін жетеді. Мұнараның орта тұсы құрыш конструкциялар қолдану арқылы тұтасқұйма бетоннан қимасында сатылы алты қыр түрінде құйылған. Мұнараның іргетасы көлемі 15 мың текше метр үш қабатты секциялы жертөле болып табылады. Құрылыс балалардың «Ванька-встанька» ойыншығының қағидаты бойынша салынған – жер дүмпуі болған кезде конструкция құламай, тек қана еңкейіп барып қайтадан өзінің бұрынғы қалпына келеді. Бұл КСРО-дағы сейсмикалық қауіптілігі 10 балл болатын, бесінші жел режимінің есептік жүктемесіндегі таулы жерде ең алғашқы рет салынған бірегей құрылыс.